https://sputnik.kz/20231213/bas-sanitar-dariger-qyzylshaga-qarsy-shugyl-vaktsinany-qay-kezde-alu-qazhettigin-aytty-40897460.html
Бас санитар дәрігер қызылшаға қарсы шұғыл вакцинаны қай кезде алу қажеттігін айтты
Бас санитар дәрігер қызылшаға қарсы шұғыл вакцинаны қай кезде алу қажеттігін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қызылшаға қарсы шұғыл вакцина салу тәртібін түсіндірді, деп... 13.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-13T21:47+0500
2023-12-13T21:47+0500
2023-12-13T21:47+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0a/16760040_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_f253bb7a6260b9eecb7e29a7fc0f5820.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қызылшаға қарсы шұғыл вакцина салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде елордада күн сайын қызылша жұқтырған 35-ке жуық науқас тіркеледі. Биыл наурыз айынан бері 806 адамның диагнозы расталды. Олардың 71 проценті - 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастар арасында вакцинация алмаған балалар көп. Ал екпе алғаннан кейін ауырып қалған балалардың үлесі тек 6 процентті құрап отыр.Бүгінде қосымша жаппай иммунизация аясында вакцина алуға тиіс адамдардың 16,8 пайызы немесе 20 302 адам екпе алды. Олардың ішінде 6-10 айлық балалар (5 317), 2-4 жастағы балалар (7 171) мен медицина қызметкерлері (3 488) бар. Бұдан бөлек, 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау жүргізіліп жатыр.Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация жалғасып жатыр. 12-15 айлық аралығындағы сәбилер санынан қызылшаға қарсы жоспарлы екпемен 92,3 пайыз (22 780 бала) және 6-7 жастағы балалар арасында 92,6 пайыз (22 700 бала) қамтылды."Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады. Сол себепті, ата-аналарды қызылшаға қарсы уақытылы вакцина алуға, сонымен қоса 6-10 айлық және 2-4 жастағы балаларға қосымша иммунизация алуға шақырамын", - деп түйіндеді бас санитар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0a/16760040_108:0:2839:2048_1920x0_80_0_0_3683bee8897e7d3134e62228de8a154b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Бас санитар дәрігер қызылшаға қарсы шұғыл вакцинаны қай кезде алу қажеттігін айтты
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қызылшаға қарсы шұғыл вакцина салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде елордада күн сайын қызылша жұқтырған 35-ке жуық науқас тіркеледі. Биыл наурыз айынан бері 806 адамның диагнозы расталды. Олардың 71 проценті - 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастар арасында вакцинация алмаған балалар көп. Ал екпе алғаннан кейін ауырып қалған балалардың үлесі тек 6 процентті құрап отыр.
"Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қызылша жұқтырған науқастармен тығыз байланыста болған адамдар вакцина алудан бас тартып жатады. Ал ошақтарда екпе алмаған адамдарды инфекциядан уақытылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде шұғыл вакцинация жүргізілуі керек", - деді Бейсенова бүгінгі онлайн брифингте.
Бүгінде қосымша жаппай иммунизация аясында вакцина алуға тиіс адамдардың 16,8 пайызы немесе 20 302 адам екпе алды. Олардың ішінде 6-10 айлық балалар (5 317), 2-4 жастағы балалар (7 171) мен медицина қызметкерлері (3 488) бар. Бұдан бөлек, 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау жүргізіліп жатыр.
Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация жалғасып жатыр. 12-15 айлық аралығындағы сәбилер санынан қызылшаға қарсы жоспарлы екпемен 92,3 пайыз (22 780 бала) және 6-7 жастағы балалар арасында 92,6 пайыз (22 700 бала) қамтылды.
"Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады. Сол себепті, ата-аналарды қызылшаға қарсы уақытылы вакцина алуға, сонымен қоса 6-10 айлық және 2-4 жастағы балаларға қосымша иммунизация алуға шақырамын", - деп түйіндеді бас санитар.