Атырау облысында "Астрахан-Маңғышлақ" су құбыры іске қосылды

© Пресс-служба правительства КазахстанаАстрахан-Маңғышлақ" магистралды су құбыры
Астрахан-Маңғышлақ магистралды су құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2023
Жазылу
Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында кешенді күрделі жөндеу нәтижесінде кеңейтілген "Астрахан-Маңғышлақ" магистралды су құбыры пайдалануға берілді. Премьер-министрі Әлихан Смайылов бейнебайланыс арқылы нысан жұмысын ресми түрде іске қосты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Су құбыры Атырау және Маңғыстау облыстарының халқы мен кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы үшін қосымша 60 мың текше метр су беру көзіне айналады.
Жоба шеңберінде тозығы жеткен жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы шамамен 177 шақырым магистралды су құбырының екі учаскесі ауыстырылды. Құрылысқа 500-ден астам адам жұмылдырылған. Соның нәтижесінде "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 110-нан 170 мың текше метрге дейін артты.
"Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Оған тиімді жобалық шешімдер мен жоғары құрылыс қарқыны нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл жоба соңғысы емес, өңірде сумен қамтамасыз етуге байланысты басқа да ауқымды жобалар бар", — деді Әлихан Смайылов.
Мәселен, Кендірлі кентінде жалпы қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын су тұщыландыру зауыты салынуда. Одан Жаңаөзен қаласына дейін ұзындығы 105 км магистралды су құбыры тартылады.
В Северном Казахстане резко поднялся уровень воды на водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады
Жаңалықтар
0