Астанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАстанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жазылу
Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Аязды ауа райына байланысты елордалық мешіттер "10 игі іс" акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдайды және коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада "10 игі іс" ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.
© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАстанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
Астанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз", - деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын бастаған болатын. Олар аялдама кешендерін аралап, автобус салондарында кондукторларға, жүргізушілерге және жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан.
© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАстанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
Астанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады, сол сияқты ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпараттар немесе видеолар жариялай алады.
Бұл күндері Астанада саршұнақ аяз орнап тұр. Ауа температурасы -30 градусты көрсетіп тұр. Қала тұрғындары мен қонақтары абай болғаны, жарақат алып, үсік шалмас үшін көшеде ұзақ уақыт жүрмегені жөн.