https://sputnik.kz/20231212/zhastardyn-55-mynga-zhuyq-zhobasyna-zhenildetilgen-mikrokredit-beriletin-boldy-40821513.html
Жастардың 5,5 мыңға жуық жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды
Жастардың 5,5 мыңға жуық жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды
Sputnik Қазақстан
Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T08:09+0500
2023-12-12T08:09+0500
2023-12-12T08:53+0500
жастар
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613029_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_8592018d5a263ae413b2b2d537dc4ba5.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға немесе 7 жылға дейін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (1014), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстарынан, Астана (548), Шымкент (498) қалаларынан түсті.Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді. Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ағымдағы жылдың 4-қыркүйегінен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілген.Толығырық мына жерден танысуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613029_480:0:2731:1688_1920x0_80_0_0_ed23109253adf64cf77ba8ca58ac4025.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, кәсіпкер
Жастардың 5,5 мыңға жуық жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды
08:09 12.12.2023 (жаңартылды: 08:53 12.12.2023) Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті.
Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.
Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға немесе 7 жылға дейін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (1014), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстарынан, Астана (548), Шымкент (498) қалаларынан түсті.
Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді. Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.
Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ағымдағы жылдың 4-қыркүйегінен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілген.
Толығырық
мына жерден танысуға болады.