Смайылов кеме зауытын салатын инвесторды тезірек табуды тапсырды

Ақтау порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
2027 жылы паромдардың санын төртеуге жеткізу жоспарланып отыр
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов отандық кеме өндірісін дамыту үшін кеме зауытын салу мәселесін тездетіп қарау екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, елдегі теңіз порттарының әлеуеті өте жоғары. Олар арқылы қазіргіден 3 есе көп жүкті ауыстырып-тиеуге болады.
"Сондықтан елдегі инфрақұрылымның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану үшін талапқа сай келмейтін жерлердің бәрін ретке келтіру қажет. Атап айтқанда, кемелердің, әсіресе паром тапшылығын шешуге тиіспіз. Ол үшін шетелге тапсырыс беруге мәжбүрміз", - дейді Смайылов үкімет отырысында.
Ол алғашқы паромдардың құрылысы алдағы жылы басталатынын атап өтті. 2027 жылы олардың санын 4-уге жеткізу жоспарланып отыр.
"Өкінішке қарай, Қазақстанда кеме жасайтын зауыт жоқ. Оны салу мәселесін тездетіп қарап, инвестор тарту үшін шешім қабылдау қажет", - деді Смайылов.
Сондай-ақ премьердің айтуынша, теміржол тораптары мен порттарға дейінгі кірме жолдарды кеңейту мәселесі де өзекті болып отыр. Жүктерді рәсімдеуге қатысты сұрақтар бар.
Көлік министрлігінің ақпаратынша, қазір Ақтау және Құрық порттарының өткізу қуаты 21 млн тоннаны құрайды.
Жаңалықтар
0