https://sputnik.kz/20231212/prezident-myndagan-zhumys-orny-qalay-ashylatynyn-aytty-40826697.html
Президент мыңдаған жұмыс орны қалай ашылатынын айтты
Президент мыңдаған жұмыс орны қалай ашылатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Келесі жылдан бастап ірі шикізат өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге міндеттеледі 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T10:24+0500
2023-12-12T10:24+0500
2023-12-12T10:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38045940_0:139:3150:1911_1920x0_80_0_0_bdd39bee52854ec8fd9f15265e5405ce.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мыңдаған жұмыс орнын ашуға ықпал ететін бастаманы жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде ірі шикізат өндірушілермен 25 келісім жасалды. Бұдан бөлек, шикізат бағасын арзандату үшін қосымша шаралар қолға алынды.Президенттің айтуынша, елді индустрияландыру ісін одан әрі жалғастыруымыз керек. Бұл бағытта нақты шаралар қолға алынып жатыр. Екі жыл бұрын "Өнеркәсіп саясаты” туралы арнайы заң қабылданды. Ал өңдеу кәсіпорындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ету өте маңызды."Биылдың өзінде еліміз бойынша жалпы құны 376 миллиард теңгені құрайтын 91 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Қосымша тұрақты жұмыс орындарын ашу – жалпы мемлекеттік міндет. Өйткені бұл жерде халықты жұмыспен қамту, қоғамдағы масылдық психологиядан арылу туралы айтылып отыр", - деп атап көрсетті президент.
https://sputnik.kz/20231212/ozim-zhetekshilik-etemin-toqaev-zhasandy-intellekt-zhuyesinin-manyzdylygy-turaly-aytty-40826208.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38045940_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_ee2dc3b882ef1d1baf74893edf82304e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент мыңдаған жұмыс орны қалай ашылатынын айтты
10:24 12.12.2023 (жаңартылды: 10:25 12.12.2023) Келесі жылдан бастап ірі шикізат өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге міндеттеледі
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мыңдаған жұмыс орнын ашуға ықпал ететін бастаманы жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде ірі шикізат өндірушілермен 25 келісім жасалды. Бұдан бөлек, шикізат бағасын арзандату үшін қосымша шаралар қолға алынды.
"Келесі жылдан бастап ірі шикізат өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге міндетті болады. Олар Қазақстандағы өңдеу мекемелерінің қажеттілігін толық өтесе ғана шикізатты экспорттай алады. Бұл шешім дайын өнім өндіруге және оны сыртқы нарыққа көбірек шығаруға ықпал етеді. Сондай-ақ мыңдаған жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді", - деді Тоқаев "Алтын Сапа" сыйлығын табыстау рәсімінде.
Президенттің айтуынша, елді индустрияландыру ісін одан әрі жалғастыруымыз керек. Бұл бағытта нақты шаралар қолға алынып жатыр. Екі жыл бұрын "Өнеркәсіп саясаты” туралы арнайы заң қабылданды. Ал өңдеу кәсіпорындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ету өте маңызды.
"Биылдың өзінде еліміз бойынша жалпы құны 376 миллиард теңгені құрайтын 91 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Қосымша тұрақты жұмыс орындарын ашу – жалпы мемлекеттік міндет. Өйткені бұл жерде халықты жұмыспен қамту, қоғамдағы масылдық психологиядан арылу туралы айтылып отыр", - деп атап көрсетті президент.