"Өз жағдайын ғана жасамайды": президент кәсіпкерлерді адал болуға үндеді

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Сонымен бірге, бизнес өкілдері халық алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі керек, деді президент
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсәпкерлерді адал болуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, "Қазақстанда жасалған" деген таңба ең мықты сапа мен ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс. "Алтын сапа" байқауының басты мақсаты да сол.
"Сонымен бірге, бизнес өкілдері халық алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі керек. Адал азамат өз жағдайын ғана жасамайды. Ол туған ауылының немесе өзі жұмыс істеп жатқан аймақтың қамын да ойлайды. Мұндай кәсіпкерлер көпшіліктің қолдауына және алғысына ие болады. Шын мәнінде, туған елдің ықыласынан артық марапат жоқ", - деді Тоқаев байқаудың марапаттау рәсімінде.
Биыл "Парыз" байқауына қатысушылар түрлі әлеуметтік жобаға белсене атсалысты. Қайырымдылыққа 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсады. 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты.
"Табысын елімен бөліскен осындай азаматтар жоғары құрметке лайық. Мен "Алтын сапа" және "Парыз" байқауына қатысқан кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін!", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0