Мемлекет басшысы "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа иесіне қатысты пікір білдірді

© SputnikАрселорМиттал Темиртау
АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – үкіметтің ендігі міндеті, деді президент
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМитталды" сатып алған отандық инвесторға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"АрселорМитталдың" үлесін қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев сатып алды. Ал компанияның атауы "Қармет" болып өзгерді.

"Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады",-деді Тоқаев бүгін "Алтын Сапа" сыйлығын табыстау рәсімінде.

Осы орайда президент кейбір өңірлердегі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарда апаттардың жиілеп кетуіне қатысты өз ойын да айтты. Бұның барлығы еліміздегі инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетті.
"Бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келеді. Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізіп, қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеуде, жаңа нысандарды іске қосуда, жылу және басқа да инженерлік желілерді жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісті", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0