https://sputnik.kz/20231211/toqaev-khalyqty-zhylumen-qamtu-isin-tez-arada-qalpyna-keltirudi-tapsyrdy-40785451.html
Тоқаев халықты жылумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді тапсырды
Тоқаев халықты жылумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды 11.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-11T12:18+0500
2023-12-11T12:18+0500
2023-12-11T12:18+0500
жылыту
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39509432_0:324:2489:1724_1920x0_80_0_0_5dc07859fa6f8f6f0e39f36a52af20bb.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті. Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды. Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді. Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр. Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.
https://sputnik.kz/20231210/balqash-ekibastuz-zhane-aqtauda-zhylu-zhelilerindegi-zhondeu-zhumysy-ayaqtaldy-40778440.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39509432_0:91:2489:1958_1920x0_80_0_0_b33ecef1fc7162c22d8718c851c0ea25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылыту, қасым-жомарт тоқаев
жылыту, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев халықты жылумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді тапсырды
Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды
АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.
Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды. Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді. Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.
Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.