Қарағандыда кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Polisia.kzархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Жазылу
Қылмыстық топ қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында “Қармет” кеншілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 фактіге қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық топ қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған.
Күдіктілерді ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Жаңалықтар
0