https://sputnik.kz/20231211/palestinamen-yntymaqtastyq-belgisi-livandagy-barlyq-mekeme-duysenbide-zhumys-istemeydi-40781286.html
Палестинамен ынтымақтастық белгісі: Ливандағы барлық мекеме дүйсенбіде жұмыс істемейді
Палестинамен ынтымақтастық белгісі: Ливандағы барлық мекеме дүйсенбіде жұмыс істемейді
Sputnik Қазақстан
Бұл "Газа секторымен және Палестина халқымен ынтымақтастық белгісі ретіндегі" жаһандық ереуілге шақыратын үндеуге 11.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-11T09:26+0500
2023-12-11T09:26+0500
2023-12-11T09:26+0500
израиль
палестина
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0d/40136793_0:63:3072:1791_1920x0_80_0_0_6ce75ed625abc99c0a087ebddaf54ad0.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Палестина халқымен ынтымақтастық белгісі ретінде дүйсенбі күні Ливандағы барлық мемлекеттік және үкіметтік емес мекеме жабық болады, деп хабарлайды РИА Новости Түркияның мемлекеттік Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Агенттік хабарлауынша, Ливан дүйсенбіде елдегі барлық үкіметтік және басқа мекеменің жабық болатыны туралы хабарлады.Al Jazeera телеарнасы бұған дейін Палестинаны қолдайтын белсенділер мен азаматтық қоғам ұйымдарының коалициясы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында атысты дереу тоқтатуды талап ету үшін дүйсенбі күні жаһандық ереуілге шақырғанын хабарлады.7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады. Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қайтыс болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекендерді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға авиациялық соққылар жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және Солтүстік бөліктерге бөлінді.Газа секторында Израиль соққы жасаған уақыттан бастап қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты, 48 мыңнан астам адам зардап шекті. ХАМАС Газа секторында шамамен 200-250 адам кепілге алынғанын мәлімдеді. Бітім тоқтатылғаннан кейін Израиль билігі "Хамаста 126 израильдік пен 11 шетелдік тұтқында қалды, ұрланған 110 адам босатылды" деп мәлімдеді.Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығысы ондаған жылдар бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0d/40136793_239:0:2970:2048_1920x0_80_0_0_b3d803f138161fddfffe563d4445b50b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина
Палестинамен ынтымақтастық белгісі: Ливандағы барлық мекеме дүйсенбіде жұмыс істемейді
Бұл "Газа секторымен және Палестина халқымен ынтымақтастық белгісі ретіндегі" жаһандық ереуілге шақыратын үндеуге
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Палестина халқымен ынтымақтастық белгісі ретінде дүйсенбі күні Ливандағы барлық мемлекеттік және үкіметтік емес мекеме жабық болады, деп хабарлайды РИА Новости Түркияның мемлекеттік Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік хабарлауынша, Ливан дүйсенбіде елдегі барлық үкіметтік және басқа мекеменің жабық болатыны туралы хабарлады.
"Ливан министрлер кеңесінің Бас хатшысы Махмуд Меккия жексенбі күнгі ресми мәлімдемесінде премьер-министр Наджиб Микати бұл шешімді Газа секторымен және Палестина халқымен, соның ішінде Газадағы біздің отандастарымыз бен Ливанның шекаралас ауылдарымен ынтымақтастық белгісі ретінде жаһандық ереуілге шақыруға жауап ретінде қабылдағанын мәлімдеді", - деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Al Jazeera телеарнасы бұған дейін Палестинаны қолдайтын белсенділер мен азаматтық қоғам ұйымдарының коалициясы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында атысты дереу тоқтатуды талап ету үшін дүйсенбі күні жаһандық ереуілге шақырғанын хабарлады.
7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады. Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қайтыс болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекендерді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға авиациялық соққылар жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.
Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және Солтүстік бөліктерге бөлінді.
Газа секторында Израиль соққы жасаған уақыттан бастап қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты, 48 мыңнан астам адам зардап шекті. ХАМАС Газа секторында шамамен 200-250 адам кепілге алынғанын мәлімдеді. Бітім тоқтатылғаннан кейін Израиль билігі "Хамаста 126 израильдік пен 11 шетелдік тұтқында қалды, ұрланған 110 адам босатылды" деп мәлімдеді.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығысы ондаған жылдар бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.