Министрлік Сәтқалиев пен оның орынбасары арасындағы жанжал туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Жазылу
Бірақ вице-министр басқа жұмысқа ауысатыны хабарланды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Жандос Нұрмағамбетов энергетика вице-министрі лауазымына 2021 жылғы 13 желтоқсанда тағайындалған.

Еңбек жолы

2003-2005 жылдары – "Каруглесбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, директоры;
2005-2006 жылдары – "Қарағанды аймақтық энергетика компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2008-2010 жылдары – "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" акционерлік қоғамының бас директоры;
2011- 2013 жылдары – "Қызылорда" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2013-2020 жылдары – "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
20.01.2020-12.12.2021 жылдары – "KEGOC" акционерлік қоғамының стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры.
Жаңалықтар
0