https://sputnik.kz/20231211/ishki-ister-ministri-almatyda-politseylerdin-qyzdy-zorlaganyn-rastady-40804734.html
Ішкі істер министрі Алматыда полицейлердің қызды зорлағанын растады
Ішкі істер министрі Алматыда полицейлердің қызды зорлағанын растады
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер қазір қамауға алынды 11.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-11T15:25+0500
2023-12-11T15:25+0500
2023-12-11T15:25+0500
полиция
зорлау
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда құқық қорғау органының екі қызметкері 14 жастағы қызды зорлады. Бұл ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады."Өкінішке қарай, мұндай факті болды, тәртіп сақшылары осындай қылмысқа барды. Тәртіптік комиссия жұмыс істеді", - деді ІІМ басшысы.Полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған. Қылмыстық іс аясында олар уақытша қамауға алынған.Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, 2023 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының полиция капитандары Р. мен Ж. 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды зорлаған.Бұған дейін Талдықорғандағы полиция ғимаратында болған зорлау оқиғасынан кейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жетісу облыстық полиция басқармасының сол кездегі басшысы Атығай Арыстановты қызметінен босатқаны хабарланған.Арыстановтың бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкессіздік туралы ескертілді. Облыстық кадр саясаты жөніндегі департамент басшысының орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу жөніндегі басшының орынбасары Мақсат Ережепов те қызметтерінен босатылды.Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев полицияға жеткізілген қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, зорлау
Ішкі істер министрі Алматыда полицейлердің қызды зорлағанын растады
Күдіктілер қазір қамауға алынды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда құқық қорғау органының екі қызметкері 14 жастағы қызды зорлады. Бұл ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады.
"Өкінішке қарай, мұндай факті болды, тәртіп сақшылары осындай қылмысқа барды. Тәртіптік комиссия жұмыс істеді", - деді ІІМ басшысы.
Полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған. Қылмыстық іс аясында олар уақытша қамауға алынған.
"Қылмыс жасаған кезде олар полиция қызметкері болған, қазір жұмыстан босатылды", - деді Сәденов.
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, 2023 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының полиция капитандары Р. мен Ж. 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды зорлаған.
Бұған дейін Талдықорғандағы полиция ғимаратында болған зорлау оқиғасынан кейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жетісу облыстық полиция басқармасының сол кездегі басшысы Атығай Арыстановты қызметінен босатқаны хабарланған.
Арыстановтың бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкессіздік туралы ескертілді. Облыстық кадр саясаты жөніндегі департамент басшысының орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу жөніндегі басшының орынбасары Мақсат Ережепов те қызметтерінен босатылды.
Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев полицияға жеткізілген қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.