https://sputnik.kz/20231211/ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygyndagy-qazandyqtardyn-zhumysy-qatty-otynga-auystyryldy-40779725.html
Екібастұз жылу электр орталығының жұмысы қатты отынға ауыстырылды - әкімдік
Екібастұз жылу электр орталығының жұмысы қатты отынға ауыстырылды - әкімдік
Sputnik Қазақстан
Әкімнің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта станция белгіленген параметрлерге шықты 11.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-11T08:09+0500
2023-12-11T08:09+0500
2023-12-11T08:26+0500
екібастұз
жылу
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37742165_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c4ab6a3e2bc3c3259b7c872db80c7086.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз жылу электр орталығында су жылыту қазандықтарының жұмысы қатты отынға ауыстырыла бастады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Әкімнің айтуынша, түнде күлді шаю құбыры зақымданғаннан кейін станцияда қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.Әкімнің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта станция белгіленген параметрлерге шықты, алты қазандық агрегаты жұмыс істеуде, үш қазандық-резервте, біреуіжоспарлы жөндеуде."Жылыту параметрлері: қысым - 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-нан шыққан температура-79 °С құрайды. Келесі үш-төрт сағат ішінде екібастұздық пәтерлерде жылырақ болады, таңертеңгі 10:00 температуралық параметр 90 °С-қа жеткізуі көзделген", - деп хабарлады облыс басшысы.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37742165_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_3e4b7b2fcd67aab484c01eb06aaa8d03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу
Екібастұз жылу электр орталығының жұмысы қатты отынға ауыстырылды - әкімдік
08:09 11.12.2023 (жаңартылды: 08:26 11.12.2023) Әкімнің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта станция белгіленген параметрлерге шықты
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз жылу электр орталығында су жылыту қазандықтарының жұмысы қатты отынға ауыстырыла бастады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әкімнің айтуынша, түнде күлді шаю құбыры зақымданғаннан кейін станцияда қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
"10 желтоқсан күні кешкі сағат 19.30-да бұрын су басқан барлық учаскелер құрғатылды. Бұдан соң, мамандар екі электр қозғалтқышын ауыстыруға кірісіп, сорғы күл құбырының жұмысын қалпына келтірді. Сағат 06:00-де бұрын мазутта жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы отынның негізгі түріне – көмірге толығымен ауыстырылды", - деді ол.
Әкімнің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта станция белгіленген параметрлерге шықты, алты қазандық агрегаты жұмыс істеуде, үш қазандық-резервте, біреуіжоспарлы жөндеуде.
"Жылыту параметрлері: қысым - 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-нан шыққан температура-79 °С құрайды. Келесі үш-төрт сағат ішінде екібастұздық пәтерлерде жылырақ болады, таңертеңгі 10:00 температуралық параметр 90 °С-қа жеткізуі көзделген", - деп хабарлады облыс басшысы.