Астана мен Алматыда бас шырша қашан жағылатыны белгілі болды

© Photo : Пресс-служба акима АстаныНовогодняя елка в Астане
Новогодняя елка в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Жазылу
Астана мен Алматыда Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік мерекесінен кейін басталады
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан - Sputnik. Астана мен Алматыда бас шырша қашан және қай жерде жағылатыны туралы қалалық әкімдіктер хабарлады.
Бас қалада Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік мерекесінен кейін басталады.
"Астанада 17 желтоқсанда сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады. Шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады", - деп мәлімдеді қалалық әкімдік.
Шыршаның биіктігі – 25 метр және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, шамдармен безендіріледі.
Ал Алматыдағы жаңажылдық шырша 20 желтоқсанда Абай атындағы алаңда жанады. Биіктігі – 20 метр.
Жалпы шыршалар, ертегі кейіпкерлерінің фигуралары және мерекенің басқа атрибуттары желтоқсан айының ортасында пайда бола бастайды. Дизайн бойынша негізгі жұмыс желтоқсан айының ортасында басталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді.
"Жалпы Жаңа жылда қалада 60-тан астам шырша орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі іс-шаралар өтеді. Олар: жаңа жылдық қысқы фестиваль, түрлі шеберлік сыныптары, жас суретшілердің сурет көрмелері, аниматорлар бағдарламалары, концерттер және мобилографтар арасында жаңа жылдық үздік бейнероликтерге арналған байқау. Алғаш рет туыстары мен жақындарына сыйлықтар сатып алуға болатын аудандарда жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Аяз аталар шеруі өтеді", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
Арман Қырықбаев жаңажылдық безендіру кезінде пайдалануға жарамды өткен жылғыдан қалған конструкциялар қолданылатынын айтты.
Ал жаппай сырғанау үшін қалада 22 ашық мұз айдыны ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0