2,5 проценттік кредит: 5 мыңнан астам адамның өтініші мақұлданды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Жазылу
Микро кредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
7 желтоқсандағы жағдай бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 5 496 жобаны мақұлдады. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланып отыр.
Жеңілдетілген кредиттің мөлшері – 5 млн теңгеге дейін, оны кез келген мақсатқа 5 жылға алуға болады. Ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін кредиттің мерзімі - 7 жылға дейін.
Микрокредит алуға өтінімдер көп түскен өңірлер:
Түркістан облысы (1014),
Жамбыл облысы (786),
Қызылорда облысы (642),
Астана қаласы (548),
Шымкент қаласы (498).
Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді. Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.
Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі.
Жаңалықтар
0