Тоқаев: Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі

© PhotoКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Біреулер Ресей Федерациясы теріс рөл атқаратынын алға тартса, енді бірі оң рөл атқарады деп пайымдайды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресей бізлің республиканың стратегиялық әріптесі және халықаралық аренадағы кейбір толқуларға қарамастан, Қазақстан Ресей Федерациясымен ынтымақтастығын жалғастырады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Ресей – Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Бізде Ресеймен әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бар. Бізде сақтауды немесе кемінде бас тартпауды қажет ететін ынтымақтастық дәстүрлері бар. Халықаралық аренадағы кейбір толқуларға қарамастан, біз ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенемін", - деді Тоқаев Бакуде Euronews телеарнасына берген сұхбатында.
Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасына (SPECA) қатысушы елдердің мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.
Ол Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жақында жасаған сапарын еске салып, бұл сапар "екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беру тұрғысынан өте сәтті болғанын" айтты.
"Біреулер Ресей Федерациясы теріс рөл атқаратынын алға тартса, енді бірі оң рөл атқарады деп пайымдайды. Қалай болғанда да, Ресей рөлі өте маңызды екенін және онымен ынтымақтастықта болу керек екенін мойындауымыз керек, Қазақстан осы ынтымақтастықты жүзеге асырып жатыр", – деді Қазақстан президенті.
Бұл ретте Қазақстан өз саясатын үнемі әртараптандырады.
Қазақстан экономикасы ашық. Республика Қытаймен, Орталық және Батыс Еуропадағы әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста, АҚШ-пен стратегиялық серіктестік бар, деді президент.
"Бұл жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның географиялық жағдайына толық сәйкес келеді. Сондықтан біздің саясатымыз үнемі әртараптандырылады, - деді республика басшысы.
Сондай-ақ ол энергетика тақырыбына тоқталып, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына толығымен көшетінін айтты.
"Біз экономикамызды декарбонизациялау мәселесіне өте байыпты қараймыз. Бұл жаһандық экономикалық дамудың жалпы үрдісі екенін мойындаймын және Қазақстан да бұл мәселеде де қалыспайды", - деді Тоқаев.
"Сонымен бірге біз қоршаған ортаны қорғауға аса үлкен мән береміз. Иә, Қазақстан әлі күнге дейін өзінің энергетикалық теңгерімінде көмірді пайдаланады. Бірақ жақын болашақта оң өзгерістер болады деп ойлаймын", - деді президент.
Жаңалықтар
0