https://sputnik.kz/20231210/toqaev-baa-basshysyn-qazaqstanga-saparmen-shaqyrdy--40771881.html
Президент БАӘ басшысын Қазақстанға сапармен шақырды
Президент БАӘ басшысын Қазақстанға сапармен шақырды
Sputnik Қазақстан
Шақыру хатты Мұрат Нұртілеу БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянға Әбу-Дабиде табыстады 10.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-10T10:41+0500
2023-12-10T10:41+0500
2023-12-10T11:50+0500
баә
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0a/40771663_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_f370815eee1d69dc480cc8f3619041b1.jpg
АСТАНА6 10 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Заид Әл Нахаянды келер жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырып, бұл іс-шараға қатысуын елімізге ресми сапарымен ұштастыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Шақыру хатты премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянға Әбу-Дабиде табыстады.Нұртілеу өз әріптесін Дубай қаласында 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қатысушы мемлекеттердің COP28 конференциясын сәтті ұйымдастыруымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Әмірліктердің климаттың өзгеруімен күрестегі көшбасшылық саясатын атап өтіп, елдеріміздің халықаралық бастамалары мен ұлттық міндеттемелерінің жоғары маңызына тоқталды.Екіжақты ынтымақтастықты талқылау кезінде Нұртілеу Әмірліктер Қазақстанның өңірдегі аса маңызды серіктесі екенін және елдерімізді дәстүрлі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты.Қазақстан СІМ басшысы әмірлік әріптесіне ҚР Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның атына 2024 жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақыру хатын табыстап, оның бұл іс-шараға қатысуын елімізге ресми сапарымен ұштастыру мүмкіндігін атап өтті."Кездесуде соңғы жылдары дамып келе жатқан инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты қолдау мен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға баса назар аударылып, тараптар екіжақты сауда көлемін 1 млрд АҚШ долларына жеткізу үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалануға келісті.Осы мақсатқа жету үшін министрлер екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігін атап өтті және "Etihad Airways" пен "Air Arabia" компанияларының рейстерін ашу мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласты", - делінген хабарламада.Кездесу соңында М.Нұртілеу шейх Абдалланы келесі жылы ресми сапармен Астанаға келуге шақырды.
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0a/40771663_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_59bb30800a256b07fc73c4d045fc8e5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баә
Президент БАӘ басшысын Қазақстанға сапармен шақырды
10:41 10.12.2023 (жаңартылды: 11:50 10.12.2023) Шақыру хатты Мұрат Нұртілеу БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянға Әбу-Дабиде табыстады
АСТАНА6 10 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Заид Әл Нахаянды келер жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырып, бұл іс-шараға қатысуын елімізге ресми сапарымен ұштастыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Шақыру хатты премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянға Әбу-Дабиде табыстады.
Нұртілеу өз әріптесін Дубай қаласында 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қатысушы мемлекеттердің COP28 конференциясын сәтті ұйымдастыруымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Әмірліктердің климаттың өзгеруімен күрестегі көшбасшылық саясатын атап өтіп, елдеріміздің халықаралық бастамалары мен ұлттық міндеттемелерінің жоғары маңызына тоқталды.
Екіжақты ынтымақтастықты талқылау кезінде Нұртілеу Әмірліктер Қазақстанның өңірдегі аса маңызды серіктесі екенін және елдерімізді дәстүрлі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты.
"Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың қаңтар айында Әбу-Дабиге жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырып, екі мемлекет басшыларының жақын саяси диалогының Қазақстан-Әмірліктер көпсалалы қарым-қатынастарының жемісті дамуындағы шешуші маңызымен келісті", – делінген сыртқы саясат ведомствосының мәліметінде.
Қазақстан СІМ басшысы әмірлік әріптесіне ҚР Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның атына 2024 жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақыру хатын табыстап, оның бұл іс-шараға қатысуын елімізге ресми сапарымен ұштастыру мүмкіндігін атап өтті.
"Кездесуде соңғы жылдары дамып келе жатқан инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты қолдау мен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға баса назар аударылып, тараптар екіжақты сауда көлемін 1 млрд АҚШ долларына жеткізу үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалануға келісті.Осы мақсатқа жету үшін министрлер екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігін атап өтті және "Etihad Airways" пен "Air Arabia" компанияларының рейстерін ашу мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласты", - делінген хабарламада.
Кездесу соңында М.Нұртілеу шейх Абдалланы келесі жылы ресми сапармен Астанаға келуге шақырды.