Қазақстанның жеті қаласында ауа ластанады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны с высоты птичьего полета
Виды Астаны с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Жеті қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. 10 желтоқсанда Қазақстанның 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, деп хабарлады "Қазгидромет".
10 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Балқаш, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында, түнде Петропавлда ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады деп болжанып отыр.
Өскемен, Риддер, Семейде метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді де, қалаларда ауаның ластануы жоғары деп болжануда. Екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертуі күшіне енді.
Астанада метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына, атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.
Ақтөбеде 10 желтоқсан, 11 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада заттардың жиналуына, ауаның ластану деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.
Балқашта метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әкеледі.
Петропавлда 10 желтоқсанда метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді де, атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп болжанып отыр.
Жаңалықтар
0