Қазақстанға Газа секторынан арнайы бортпен 28 адам эвакуацияланады – СІМ

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана28 человек эвакуированы спецбортом из Газы в Казахстан - МИД
28 человек эвакуированы спецбортом из Газы в Казахстан  - МИД - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетіледі
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. 28 адам Қазақстанға Газа секторынан арнайы бортпен эвакуацияланады. Олар Палестина халқына жөнелтілген гуманитарлық көмек жүгі тиелген арнайы ұшақпен жеткізіледі, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі. Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетіледі", - делінген министрлік хабарламасында.
Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың "Қызыл Жарты Ай" қоғамына тапсырылды.
"Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп қазақстандық көмекті мұқтаж палестиналықтарға жеткізеді", - деп атап өтті министрлік.
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осы ұйымның мүшесі Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.
Бұған дейін осы жылдың 17 қарашасында жалпы саны 99 адамнан тұратын азаматтардың бірінші тобы аман-есен елге жеткізілген болатын.
Жаңалықтар
0