Петропавлда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбейді – әкім

© Sputnik / Елена БережнаяНовогоднее оформление Петропавловска
Новогоднее оформление Петропавловска - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Қала басшылығы да, қала тұрғындары да бюджеттен бөлінетін қаражатты неғұрлым өзекті қажеттіліктерге жұмсаған дұрыс деп санайды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда биыл қаланы жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбейді, деп хабарлады Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев брифингте.
Ол қала бюджеті дотациялық екенін, сондықтан басты назарды әлеуметтік мәселелерге аудару керектігін баса айтты.
"Қаланы безендіру үшін жеке инвестицияларды тарту тәжірибесі бар. Биыл безендіру үшін жеті орын белгіленді. Негізгі шыршалар әдеттегідей облыс әкімдігіне қарама-қарсы және қалалық әкімдік маңындағы саябақта болады. Онда сырғанақтар мен мұз қалашықтары жабдықталады", - деді Серік Мұхамедиев.
Сондай-ақ әкім биыл Пестрое көлінің жағасындағы саябаққа ерекше көңіл бөлуді жоспарлап отырғандарын да айтты. Мұнда сырғанақтар, мұз айдындары мен мұз қалашықтары бар орындар жабдықталып, аумақ мерекеге сай безендіріледі.
Жаңа жылдық безендірулер Жеңіс саябағында, Береке шағын ауданындағы жаңа саябақта және басқа да нысандарда болады.
"Сонымен қатар орталық көшелерде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді де безендіруге атсалысуға шақырамыз" – деді әкім.
Жаңалықтар
0