https://sputnik.kz/20231210/ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygynda-tagy-da-apatty-zhagday-boldy-40770483.html
Екібастұз жылу электр орталығында тағы да апат болды
Екібастұз жылу электр орталығында тағы да апат болды
Sputnik Қазақстан
Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған 10.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-10T08:28+0500
2023-12-10T08:28+0500
2023-12-10T08:51+0500
екібастұз
жылу электр орталығы
апат
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37694160_0:974:2047:2125_1920x0_80_0_0_0f4c3c1bd821acb2e3a0420bcc177bda.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз жылу электр орталығында ақау шықты, деп хабарлайды "ЕкібастұзЖылуЭнерго" ЖШС баспасөз қызметі."ЕкібастұзЖылуЭнерго"-ның мәліметінше, 10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған. Сағат 05.30-да ақау жойылған.Екібастұз ЖЭО мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр."Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды", - делінген хабарламада.Мекеме мәліметінше, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр."Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі", - деді компаниядан.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37694160_0:782:2047:2317_1920x0_80_0_0_1bd2d8221bad07fd3b33372490850ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу электр орталығы, апат
екібастұз, жылу электр орталығы, апат
Екібастұз жылу электр орталығында тағы да апат болды
08:28 10.12.2023 (жаңартылды: 08:51 10.12.2023) Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Екібастұз жылу электр орталығында ақау шықты, деп хабарлайды "ЕкібастұзЖылуЭнерго" ЖШС баспасөз қызметі.
"ЕкібастұзЖылуЭнерго"-ның мәліметінше, 10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған. Сағат 05.30-да ақау жойылған.
"Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды", - делінген компания хабарламасында.
Екібастұз ЖЭО мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды", - делінген хабарламада.
Мекеме мәліметінше, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.
"Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі", - деді компаниядан.