https://sputnik.kz/20231210/balqashta-ondagan-uy-zhylusyz-qaldy-40773591.html
Балқашта ондаған үй жылусыз қалды
Балқашта ондаған үй жылусыз қалды
Sputnik Қазақстан
40-тан астам үй жылусыз қалды 10.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-10T13:11+0500
2023-12-10T13:11+0500
2023-12-10T13:27+0500
өңірлер
балқаш
апат
коммуналдық апат
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/08/39147882_0:218:3254:2048_1920x0_80_0_0_01ccf25b50b7823aa10baf05937c6eec.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Балқаш қаласында жылу құбырларындағы апат салдарынан 40-тан астам үй жылусыз қалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің юаспасөз қызметі.Анықталған фактілерді жою үшін барлық коммуналдық-мемлекеттік мекемелердің, пәтер иелері кооперативтерінің, төтенше жағдайлар ведомстволарының және қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды.Әкімдіктің мәліметінше, барлық қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.Апатты жоюға 10 техника мен 25 адам жұмылдырылған.Құбырдағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, құбыр іске қосылды."Магистральдық желі іске қосылды, жылумен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр. Үйлердегі құбырларды жылуға қосу жұмыстары жалғасуда. Жүйеде гидросоққы болмас үшін кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/08/39147882_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_8be612fccd70cdffcaa3299a7acdb235.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, апат, коммуналдық апат
балқаш, апат, коммуналдық апат
Балқашта ондаған үй жылусыз қалды
13:11 10.12.2023 (жаңартылды: 13:27 10.12.2023) 40-тан астам үй жылусыз қалды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Балқаш қаласында жылу құбырларындағы апат салдарынан 40-тан астам үй жылусыз қалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің юаспасөз қызметі.
"9 желтоқсанда сағат 22.55-те Абай және Әбуғалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 630 миллиметр құбырдың жарылуы салдарынан Желтоқсан, Бейбітшілік, Сейфуллин, Абай, Макаренко, Молдағұлова көшелеріндегі тұрғын үйлерде жылу қысымы төмендетілді. Апатқа қаланың жылу желілерінің тозуы себеп болды, бұл көрсеткіш жалпы 75%-ды құрайды. Даладағы ауа температурасы -15°С",- делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Анықталған фактілерді жою үшін барлық коммуналдық-мемлекеттік мекемелердің, пәтер иелері кооперативтерінің, төтенше жағдайлар ведомстволарының және қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды.
Әкімдіктің мәліметінше, барлық қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Апатты жоюға 10 техника мен 25 адам жұмылдырылған.
Құбырдағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, құбыр іске қосылды.
"Магистральдық желі іске қосылды, жылумен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр. Үйлердегі құбырларды жылуға қосу жұмыстары жалғасуда. Жүйеде гидросоққы болмас үшін кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.