Әйгілі Пласидо Доминго Димашқа бірге дуэт орындауды ұсынды

© Photo : Скриншот видеоДимаш и Пласидо Доминго
Димаш и Пласидо Доминго - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Димаш Құдайберген "Виртуоздар" телешоуында әлемге әйгілі Пласидо Домингомен бірге қазылық етеді
АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Әлемге әйгілі испан опера әншісі әрі дирижер, ұлы тенор Пласидо Доминго қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге дуэт жазуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Димаш әйгілі Пласидо Домингомен кездескен сәтінен түсірілген видеоны жариялады.
"Сені маған немерем көрсетті. Оған сенің өнерің қатты ұнайды. Ол қазір бар-жоғы18 жаста, әрі барабаншы. Сені YouTube-тен көрген екен. Қалайша бұлай айтуға болады деп таңғалды. Ол сенде алты октава бар екенін, бәрі біркелкі шығатынын айтып, таңданысын жасырмады", - деді Доминго.
Өз кезегінде Димаш ұлы тенорға оның әнін 5 жасынан бастап тыңдап өскенін айтты.
"Сізбен кездесу – мен үшін үлкен мәртебе. Үйде сіздің концертіңіздің кассеталық жазбасы тұр еді. Бес жасымнан бастап соны тыңдап, музыкаға сіздің арқаңызда келдім, - деді қазақстандық әнші.
Осыдан кейін Пласидо Димашқа бірге дуэт орындауды ұсынды.
"20 жасымда нағыз дауысыммен ән айта алар едім. Енді тенор дауысқа тесситурам жетпейді. Бірақ сіздің жасыңызда бұл қиындық тудырады деп ойламаймын. Керемет дуэт жазамыз. Ыңғайлы болса, ертең репетиция өткізейік", - дейді видеода Доминго.
Айта кетейік, бұл кездесу "Виртуоздар" телешоуында болған, байқауда Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго қазылық етеді.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
"1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты "Виртуози" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рахмет", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Димаш Кудайберген получил награду Karić brothers award - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Димаш Құдайбергенге Karić brothers award сыйлығы табысталды
Жаңалықтар
0