Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

© PhotoАқтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды
Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Қазіргі уақытта олар Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбедегі "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.
"Тексеру кезінде қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды. Қазіргі уақытта олар Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды",- делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленуші қызы терезені сындырып қашып кеткені хабарланған болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Терезені сындырып қашып кеткен: Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0