Алматыда ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЗнак "Парковка (парковочное место)"
Знак Парковка (парковочное место) - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2023
Жазылу
Бір сағаттың құны - 100 теңге
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
11 желтоқсаннан бастап Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына ақы алады. Бұл ауданда 27 аймақ, 6504 тұрақ орны жұмыс істейді, оның ішінде 454-і – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін.
Ақылы тротуар тұрағының жұмыс уақыты: күн сайын сағат 8: 00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны - 100 теңге. Уақытты есептеу көлік құралының тұрақ аймағында тоқтаған сәтінен басталады. Тұрақ ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет.
Тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылады.
Бұзушылықтар автоматты режимде, мобильді кешендер арқылы (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 3 АЕК-ті құрайды (ҚР 597-бабы, 4-1-б.). Бір жыл ішінде тағы қайталанатын болса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Знак платной парковки в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Елорда тынысы
Елордада 1700-ге жуық ақылы тұрақ алынып тасталды
Жаңалықтар
0