Патрушев "Россия сегодня" медиа тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

© Sputnik / Алексей НикольскийНиколай Патрушев
Николай Патрушев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Жазылу
Ресей Қауіпсіздік кеңесінің басшысы "Россия сегодня" журналистерінің жұмысын жанқиярлық еңбек деп атады
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев "России сегодня" ұжымын және оның бас директоры Дмитрий Киселевті медиа топтың 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады РИА Новости.
Патрушев "жолға қойылған жұмыс, біліктілік, мықты азаматтық позиция және журналистік этикаға адалдық" медиа топқа отандық және шетелдік БАҚ арасында жетекші орын беретінін атап өтті.
"Таңдаған іске адал, риясыз қызмет етудің арқасында сіздер ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша кең аудиторияны тиімді ақпараттандырып келесіздер, сондай-ақ Ресейде болып жатқан маңызды оқиғаларды жедел және анық жариялап отырсыздар", - деп атап өтті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы медиа топ ұжымына жаңа шығармашылық табыс, сарқылмас қуат және бар жақсылықты тіледі.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Путин "Россия сегодня" медиа тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады
Жаңалықтар
0