https://sputnik.kz/20231209/munay-gaz-khimiyasy-onerkasibi-turaly-zan-qazhet--myrzagaliev-40732007.html
Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң қажет – Мырзағалиев
Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң қажет – Мырзағалиев
Sputnik Қазақстан
"ҚазМұнайГаз" төмен көміртекті жобаларды дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр 09.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-09T19:48+0500
2023-12-09T19:48+0500
2023-12-09T19:48+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1f/39770889_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_35e0557a5c3d5197a8307d66e960ff6e.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заңға қажеттілік туындады, деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.Сонымен қатар Мырзағалиев ескі, сарқылуға жақын кен орындарын қолдау бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті."Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасуға тиіс деп есептеймін, өйткені кен орындарында өндіру көлемін қолдау жұмыс орындарын сақтап қалуға, отандық мұнай өңдеу зауыттарының мұнайға деген қажеттілігін өтеуге, тиісінше елдегі мұнай өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деді ҚМГ басшысы.Ол сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен отандық мұнай-газ саласындағы белсенділікті одан әрі дамытуға ықпал ететін Жақсартылған модельді келісімшарт енгізілгенін атап өтті.Жақсартылған модельді келісімшарт негізінде көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов" жер қойнауы учаскесінде күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге 2023 жылы ақпанда қол қойылды.ҚМГ басшысы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарларын да таныстырды. Бұл қадам Қазақстанда шығарындылар саудасы жүйесін одан әрі дамытуды және оны әлемдік нарықпен интеграциялауды, сондай-ақ оған қоса көміртегі бағасына, ЖЭК, сутегі және геотермалды энергетиканы дамытуға, көміртекті тұту, пайдалану және сақтау технологиясын (CCUS) қолдануға қатысты бастамаларды талап етеді."Әлемге энергетика көздерін алмастыру үшін тұрақтылықтың негізі ретінде мұнай қажет. "ҚазМұнайГаз" бұл міндетті жасыл энергетиканы дамыта отырып орындайды. Біз төмен көміртекті жобаларды дамытуға инвестиция саламыз. Жаңартылатын генерациясы бар электр станцияларын салу бойынша бірқатар бастама пысықталуда", — деп түйіндеді Мырзағалиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1f/39770889_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e17bfe31ec85e0c799a99bf37a260c44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң қажет – Мырзағалиев
"ҚазМұнайГаз" төмен көміртекті жобаларды дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заңға қажеттілік туындады, деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
"Шикізатпен қамтамасыз ету, мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру, терең өңдеуді дамыту мәселелерін реттейтін мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заңды әзірлеу және қабылдау қажеттігі туындап отыр", - деп компанияның баспасөз қызметі Мырзағалиевтің сөзінен үзінді келтірді.
Сонымен қатар Мырзағалиев ескі, сарқылуға жақын кен орындарын қолдау бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.
"Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасуға тиіс деп есептеймін, өйткені кен орындарында өндіру көлемін қолдау жұмыс орындарын сақтап қалуға, отандық мұнай өңдеу зауыттарының мұнайға деген қажеттілігін өтеуге, тиісінше елдегі мұнай өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деді ҚМГ басшысы.
Ол сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен отандық мұнай-газ саласындағы белсенділікті одан әрі дамытуға ықпал ететін Жақсартылған модельді келісімшарт енгізілгенін атап өтті.
Жақсартылған модельді келісімшарт негізінде көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов" жер қойнауы учаскесінде күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге 2023 жылы ақпанда қол қойылды.
ҚМГ басшысы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарларын да таныстырды. Бұл қадам Қазақстанда шығарындылар саудасы жүйесін одан әрі дамытуды және оны әлемдік нарықпен интеграциялауды, сондай-ақ оған қоса көміртегі бағасына, ЖЭК, сутегі және геотермалды энергетиканы дамытуға, көміртекті тұту, пайдалану және сақтау технологиясын (CCUS) қолдануға қатысты бастамаларды талап етеді.
"Әлемге энергетика көздерін алмастыру үшін тұрақтылықтың негізі ретінде мұнай қажет. "ҚазМұнайГаз" бұл міндетті жасыл энергетиканы дамыта отырып орындайды. Біз төмен көміртекті жобаларды дамытуға инвестиция саламыз. Жаңартылатын генерациясы бар электр станцияларын салу бойынша бірқатар бастама пысықталуда", — деп түйіндеді Мырзағалиев.