Мишустин "Россия сегодняны" 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

© Sputnik / Владимир АстапковичМихаил Мишустин
Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Жазылу
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобына 10 жыл толды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин "Россия сегодня" медиа тобының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, оларға "жаңа шығармашылық идеялар, одан әрі табыстар мен жеңістер, зор денсаулық және амандық" тіледі, деп жазды РИА Новости.
Премьер-министрдің пікірінше, медиа топ медиа кеңістікте сенімді жетекші орын алады, ал оның ондаған тілде тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық ресурстары оқырмандардың кең аудиториясын қамтиды. Оқырмандар мен радио тыңдаушыларды дүние жүзіндегі ең маңызды оқиғалар туралы сенімді және объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
"Россия сегодня" – материалдарын күн сайын жүздеген мың адам оқып, тыңдайтын редакторлар, публицистер, шолушылар, тілшілер мен операторлардың кәсіби командасы. Сіздердің бағдарламаларыңызда әртүрлі пікірлер айтылып жатады, бұл көрермендерге өз қорытындысын жасауға көмектеседі", - деп атап өтті Мишустин.
Жүзден астам халықаралық серіктестер, соның ішінде агенттіктер, телеарналар мен университеттер медиа-топтың ауқымды жобаларына қатысып жатыр, деп толықтыры РФ министрлер кабинетінің басшысы.
"Ең озық технологияларды пайдалану сіздерге әртүрлі заманауи форматтарда – әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда жоғары сапалы және сұранысқа ие контент шығаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.
Қазір "Россия сегодняда" 3 300 қызметкер жұмыс істейді, он жаңалықтар бренді, 30 тілде сайты, әлемнің 127 қаласында тілшілері, 17 елде радиохабары бар.
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Путин "Россия сегодня" медиа тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады
Жаңалықтар
0