https://sputnik.kz/20231209/lavrov-rossiya-segodnyany-mereytoyymen-quttyqtady-40753097.html
Лавров "Россия сегодняны" мерейтойымен құттықтады
Лавров "Россия сегодняны" мерейтойымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Ресей дипломатиясының басшысы "Россия сегодня" әділ журналистиканың жоғары стандарттарына жауап береді деп санайды 09.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-09T17:00+0500
2023-12-09T17:00+0500
2023-12-09T17:00+0500
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/09/40743280_0:0:3006:1691_1920x0_80_0_0_c8b008698217b971ad2dba7ce2cf0958.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия сегодня" ұжымы мен оның бас директоры Дмитрий Киселевті медиа топтың 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады РИА Новости.Министр шетелде ресейлік БАҚ-қа бұрын-соңды болмаған қысым көрсетіліп жатқан кезде "Россия сегодня" ұжымы "әділ журналистиканың жоғары кәсіби стандарттарына сай болуын үзбей отырғанын" ерекше атады."Смоленск алаңында біздің тату қарым-қатынасымызды жоғары бағалайды. Біз Ресейдің сыртқы саяси бағытына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында бұл қарым-қатынас одан әрі дамиды және нығаяды деп сенеміз, - деді Лавров. – Сізге және "Россия сегодня" медиа тобының барлық қызметкеріне денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар және бар жақсылықты тілеймін"."Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.Қазір "Россия сегодняда" 3 300 қызметкер жұмыс сістейді, он жаңалықтар бренді, 30 тілде сайты, әлемнің 127 қаласында тілшілері, 17 елде радиохабары бар. Медиа топты бүгінде Дмитрий Киселев басқарады.
https://sputnik.kz/20231209/putin-rossiya-segodnya-media-tobyn-10-zhyldyq-mereytoyymen-quttyqtady-40731214.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/09/40743280_146:0:2875:2047_1920x0_80_0_0_16086ada30c61d478801aa04854cc193.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құттықтау
Лавров "Россия сегодняны" мерейтойымен құттықтады
Ресей дипломатиясының басшысы "Россия сегодня" әділ журналистиканың жоғары стандарттарына жауап береді деп санайды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия сегодня" ұжымы мен оның бас директоры Дмитрий Киселевті медиа топтың 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады
РИА Новости.
"Медиа топ ресейлік БАҚ арасында жетекші орынға ие. Ол 30 тілде жаңалық таратып, 100-ден астам шетелдік серіктестермен белсенді жұмыс істеп, халықаралық аренада елімізді лайықты түрде таныстырып жатыр", - деп жазылған Лавровтың құттықтау хатында.
Министр шетелде ресейлік БАҚ-қа бұрын-соңды болмаған қысым көрсетіліп жатқан кезде "Россия сегодня" ұжымы "әділ журналистиканың жоғары кәсіби стандарттарына сай болуын үзбей отырғанын" ерекше атады.
"Смоленск алаңында біздің тату қарым-қатынасымызды жоғары бағалайды. Біз Ресейдің сыртқы саяси бағытына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында бұл қарым-қатынас одан әрі дамиды және нығаяды деп сенеміз, - деді Лавров. – Сізге және "Россия сегодня" медиа тобының барлық қызметкеріне денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар және бар жақсылықты тілеймін".
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.
Қазір "Россия сегодняда" 3 300 қызметкер жұмыс сістейді, он жаңалықтар бренді, 30 тілде сайты, әлемнің 127 қаласында тілшілері, 17 елде радиохабары бар. Медиа топты бүгінде Дмитрий Киселев басқарады.