Елордада қысқы қайырымдылық балы өтті: 90 миллион теңгеден астам қаржы жиналды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВ Астане прошел Зимний благотворительный бал фонда "Болашақ"
В Астане прошел Зимний благотворительный бал фонда Болашақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Жазылу
Астанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің күртешесі, Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғап, теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған ракетка, "Реал Мадрид" және "Барселона" футбол клубтары ойыншыларының қолтаңбасы қойылғанфутболкалар, испаниялық автошабандоз Фернандо Алонсоның қолтаңбасы қойылған бейсболка, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль қолтаңбасы қойылған футболка инклюзивті білім беруді және Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға арналған XIV қысқы қайырымдылық балының аукционында сатылды. Бұл шарада 90 миллион теңгеден астам қаржы жиналды.
Түскен қаражат "Болашақ" қорының "Әр бала мектепке лайық" және "Жол жүру гранттары" әлеуметтік жобаларына жұмсалады.
© Sputnik / Санат ИмангалиевДинара Гаплан
Динара Гаплан - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Динара Гаплан
"Кейінгі біржылда біз 10 балабақша мен мектепте инклюзивті қолдау кабинеттерін аштық, аутизм және Даун синдромы бар балаларға арналған инклюзивті футбол секциясын іске қостық, ерекше балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсететін OI SANA жобасын іске қостық, тағы 500-ге жуық мектептің, колледждердің және балабақшалардың директорларын, мамандар мен ата-аналарды оқыттық", - дейді "Болашақ" қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан.
2015 жылы қор инклюзивті қолдау кабинеттерінің үлгісін әзірледі. Қазір ол мемлекеттік білім беру жүйесіне енгізілді.
"Біздің жобаға кішкентай кезінде келген балалар қазір 9-сыныпты бітіріп жатыр", - деді Гаплан.
Жиналған барлық қаражат қордың қайырымдылық бағдарламаларына: ел колледждерінде аутизм және басқа да менталдық ауытқулары бар адамдарды кәсіптік-техникалық оқыту бойынша пилоттық жобаларды іске қосуға, инклюзивті футбол және шахмат секцияларын ашуға, балабақшаларда инклюзияны дамытуға, менталдық саулық бойынша Oi SANA жобасын жүзеге асыруға, сондай-ақ дарынды жастарға әлем чемпионаттарына қатысу үшін жол жүру гранттарын беругежұмсалады, деді ол.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
В Астане прошел Зимний благотворительный бал фонда Болашақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Астанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
Гаплан мейірімділік пен сұлулық мерекесін өткізуге көмектескен демеушілер мен серіктестерге алғысын білдірді.
"Димаш Құдайбергенге және Испания Корольдігінің елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегроға бал аукционына алты лот ұсынғаны үшін ерекше алғыс айтамын ", - деді ол.
30 дебютант жұп бал қонақтарын тамаша биімен қуантты. Олар классикалық вальстен бастап көңілді диско стиліндегі биге дейін биледі.
Кеште танымал әншілер Қазыбек Құрайыш пен Қанай ән шырқады.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
В Астане прошел Зимний благотворительный бал фонда Болашақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Астанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
11 жыл ішінде қайырымдылық балдары арқылы 800 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Түскен қаражатқа "Болашақ" қоры 80-нен астам мамандандырылған оңалту мекемесін, оның ішінде Қазақстанның 22 қаласында 56 инклюзияны қолдау кабинетін ашты және жабдықтады. Инклюзия саласында 500-ден астам жұмыс орны ашылды. 3500-ден астам маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлыққа талдау жүргізу бойынша оқытылды.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
В Астане прошел Зимний благотворительный бал фонда Болашақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Астанада "Болашақ" қорының қысқы қайырымдылық балы өтті
Тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 107 жол жүру билеті мен 17 білім гранты берілді.
Жаңалықтар
0