https://sputnik.kz/20231209/ayagozdik-oqushylar-aqyldy-velosiped-oylap-tapty-40751875.html
Аягөздік оқушылар "ақылды велосипед" ойлап тапты
Аягөздік оқушылар "ақылды велосипед" ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Балалар "Экобайк" деп аталатын велосипедті бір айда құрастырды 09.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-09T15:54+0500
2023-12-09T15:54+0500
2023-12-09T15:54+0500
велосипед
https://sputnik.kz/img/273/83/2738356_0:219:4288:2631_1920x0_80_0_0_8403a5457d795583c7f795fbddce6452.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Аягөз ауданының оқушылары "ақылды" велосипед құрастырды. Ecobike деп аталатын инновациялық көлік электр қуатын өндіреді, деп хабарлады Хабар 24.Өнертапқыш оқушылардың бұдан өзге де тың жобалары бар. Балалар "Экобайк" деп аталатын велосипедті бір айда құрастырды.Ізденімпаз оқушылар мен қолдаушы ұстаздардың идеясы іске асты. Көлікті құрастыруға қосалқы бөлшектер қолданып, аккумулятор орнатқан.Сонымен қатар өнертапқыш оқушылар зағип жандарға арналған электронды таяқ жасады. Мүмкіндігі шектеулі адамның алдынан кедергі шықса, құрылғы бірден белгі береді."Зағип жандардың жарақат алуын алдын алады. Яғни, кедергілерді көріп сигнал береді", - дейді мектепоқушысыЕралы Ыбыраев.Көзі нашар көретін жандар бұл таяққа қызығушылық танытып отыр. Енді жобаның авторы құлағы нашар еститін жандар үшін вибрациялық белгі беретін құрылғы жасауды жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/273/83/2738356_246:0:4043:2848_1920x0_80_0_0_51372dc2b7bbeef420f4ebbd3cf9e67e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
велосипед
Аягөздік оқушылар "ақылды велосипед" ойлап тапты
Балалар "Экобайк" деп аталатын велосипедті бір айда құрастырды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Аягөз ауданының оқушылары "ақылды" велосипед құрастырды. Ecobike деп аталатын инновациялық көлік электр қуатын өндіреді, деп хабарлады
Хабар 24. Өнертапқыш оқушылардың бұдан өзге де тың жобалары бар. Балалар "Экобайк" деп аталатын велосипедті бір айда құрастырды.
Ізденімпаз оқушылар мен қолдаушы ұстаздардың идеясы іске асты. Көлікті құрастыруға қосалқы бөлшектер қолданып, аккумулятор орнатқан.
"Бұл "Қалдықсыз мектеп" жобасы аясында жасалған құрылғы. Қосалқы бөлшектерден. Барлығы қолдан жасалды. Бұл жерде генератор. Арнайы генераторға диод қойылып, сол арқылы заряд беріледі. Оқушылар 15 минут үзіліс кезінде бұл жерде уақытын өткізе алады. Генератор арқылы 220 Вт тоқ беріледі. Соткаларын зярядтауға болады", - дейді еңбек пәнінің мұғалімі Берік Ысқақов.
Сонымен қатар өнертапқыш оқушылар зағип жандарға арналған электронды таяқ жасады. Мүмкіндігі шектеулі адамның алдынан кедергі шықса, құрылғы бірден белгі береді.
"Зағип жандардың жарақат алуын алдын алады. Яғни, кедергілерді көріп сигнал береді", - дейді мектепоқушысыЕралы Ыбыраев.
Көзі нашар көретін жандар бұл таяққа қызығушылық танытып отыр. Енді жобаның авторы құлағы нашар еститін жандар үшін вибрациялық белгі беретін құрылғы жасауды жоспарлап отыр.