Астанада панфиловшылардың ерлігіне 82 жыл толуына орай батырларды еске алу рәсімі өтті
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада панфиловшыларды еске алу рәсімі өтті
© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Батырларды еске алу шарасына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшілік дипломаттары, қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі аппаратының офицерлері, Астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының басшылығы мен қызметкерлері қатысты
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясы ерлігінің 82 жылдығына орай елорда саябақтарының біріндегі жиырма сегіз панфиловшы батырдың мемориалына гүл шоқтары қойылды.
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеу түбіндегі қарсы шабуылдың басталғанына 82 жыл толуына орай панфиловшы батырлардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылғанын айтты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Шабуылға дейін қорғаныс болды, бұл қорғаныста 1941 жылдың қазанында үш қазақстандық дивизия маңызды рөл атқарды. Соның ішінде Мәскеуге жақындаған кезде қамалға айналған Панфилов дивизиясы бар. Біз батырлардың рухын құрметтейміз және олардың ерлігіне лайықты болғымыз келеді", - деді елші Алексей Бородавкин.
Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы шетелдік мекемелерінің қызметкерлері, тату елшіліктердің өкілдері және өз ата-бабасын құрметтейтін және мақтан тұтатын қазақстандық әскери қызметшілер де қатысты, деді Алексей Бородавкин.
© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қазақтың үш дивизиясы Малоярославец, Волоколамск және Тула бағытында фашистердің алға ілгерілеуін тоқтатты. Мәскеу түбіндегі шайқаста фашистердің басқыншылығына тойтарыс берген де солар.
Мәскеу түбіндегі шайқас 1941 жылдың 30 қыркүйегінде басталды. 5 желтоқсанда Қызыл Армия бүкіл майдан бойынша қарсы шабуылға шықты. Шайқас 1942 жылдың 20 сәуіріне дейін созылды.
© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Мәскеу үшін шайқаста аты аңызға айналған 316-шы, кейінірек 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясы ерекше көзге түсті.
© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н.Бородавкин елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал И.В.Панфилов пен 28 панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
316-шы атқыштар дивизиясы 1941 жылы қазанда Бішкек пен Алматыда жасақталып, бір айдан кейін, яғни қараша айында Дубосеково ауданындағы Мәскеу үшін шайқаста немістердің алға жылжуына екі апта тойтарыс берді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында Қызыл Армия Мәскеу түбіндегі бүкіл майдан бойынша қарсы шабуылға шығып, бірқатар сәтті шабуыл операциясын жүргізіп, немістерді Мәскеуден 150-300 шақырым артқа ығыстырды.