https://sputnik.kz/20231209/almatydan-oralga-bagyt-algan-poyyz-alty-sagatqa-keshikti-40738612.html
Алматыдан Оралға бағыт алған пойыз алты сағатқа кешікті
Алматыдан Оралға бағыт алған пойыз алты сағатқа кешікті
Sputnik Қазақстан
Тасымалдаушы компания кешірім сұрап, жолаушыларға өтемақы төлеуге уәде берді 09.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-09T12:29+0500
2023-12-09T12:29+0500
2023-12-09T12:29+0500
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_13c306625e344f617a7e718d4ae8e693.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Техникалық ақау № 51 Алматы-2 – Орал бағытындағы жолаушылар пойызының алты сағатқа кешігіп келуіне себеп болды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.Пойыздың кешігуіне себеп болған "техникалық себепке байланысты" аялдама кеше түнде Тобыл стансасында сағат 20.35-те болған, деп түсіндірді компания.Компания қиын жағдайға тап болған жолаушыларға тегін ыстық тамақ берілгенін айтты."Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - деп жазылған "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.Компания жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушыларға қаражатты қайтару және өтемақы төлеу шаралары қолданылатынын хабарлады:Өтемақыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады. Толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне және KTZH_PP_BOT? Telegram боты арқылы алға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_142:0:2418:1707_1920x0_80_0_0_39cca82521871d4409045e46268859b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз
Алматыдан Оралға бағыт алған пойыз алты сағатқа кешікті
Тасымалдаушы компания кешірім сұрап, жолаушыларға өтемақы төлеуге уәде берді
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Техникалық ақау № 51 Алматы-2 – Орал бағытындағы жолаушылар пойызының алты сағатқа кешігіп келуіне себеп болды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Пойыздың кешігуіне себеп болған "техникалық себепке байланысты" аялдама кеше түнде Тобыл стансасында сағат 20.35-те болған, деп түсіндірді компания.
"Ақау жойылғаннан кейін 9 желтоқсан күні сағат 02.13-те пойыз Тобыл стансасынан Орал стансасына 6.05 сағат кешігумен жөнелтілді", - деп жазылған хабарламада.
Компания қиын жағдайға тап болған жолаушыларға тегін ыстық тамақ берілгенін айтты.
"Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - деп жазылған "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.
Компания жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушыларға қаражатты қайтару және өтемақы төлеу шаралары қолданылатынын хабарлады:
Пойызбен жүруден бас тартқандарға жол ақысы толығымен қайтарылады;
Бағдар бойынша жол жүру үзілген жағдайда жүрілмеген қашықтыққа жол жүру ақысы төленеді;
Әрбір кешіктірілген толық сағат үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде, бірақ жол жүру құнынан аспайтын өтемақы төленеді.
Өтемақыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады. Толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне және KTZH_PP_BOT? Telegram боты арқылы алға болады.