Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның сегіз аймағында әуе шабуылы туралы дабылды ескерту жарияланды

днепропетровск
днепропетровск - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Өткен жылдың 10 қазанынан бастап Ресей армиясы Украинаның энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және коммуникация нысандарына зымыранмен шабуылдар жасап жатыр
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Киевте және Украинаның тағы жеті аймағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Бұл туралы Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасындағы мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлады РИА Новости.
"Мәскеу уақытымен сағат 7.30 шамасында Днепропетровск, Полтава, Сумы, Харьков, Чернигов облыстары мен Киевтің бақылауындағы Запорожье бөлігінде дабыл қағылды. 15 минуттан кейін Киев, Кировоград және Черкасск облыстарында дабылды ескерту жарияланды", - деп жазылған материалда.
Айта кету керек, өткен жылдың 10 қазанынан бастап Ресей армиясы Украинаның энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және коммуникация нысандарына зымыранмен шабуылдар жасап жатыр. Владимир Путин мәлімдегендей, бұл Киевтің Қырым көпірінде жасаған лаңкестік әрекетіне жауап болды.
Жаңалықтар
0