https://sputnik.kz/20231208/turizm-zhane-aue-reysteri-toqaev-pashinyanmen-telefon-arqyly-soylesti-40710422.html
Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады 08.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-08T12:50+0500
2023-12-08T12:50+0500
2023-12-08T13:12+0500
қасым-жомарт тоқаев
армения
никол пашинян
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23097683_0:49:2274:1328_1920x0_80_0_0_1699c7e15c6ef9772c19b3f002a861f9.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.Әңгімелесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23097683_180:0:1951:1328_1920x0_80_0_0_1198f44299d2df34740e89fbcee6c98d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, армения, никол пашинян
қасым-жомарт тоқаев, армения, никол пашинян
Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
12:50 08.12.2023 (жаңартылды: 13:12 08.12.2023) Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.
Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.