Солтүстік Қазақстанда газ-ауа қоспасы жарылып, 12 жастағы қыз көз жұмды

© Елена БережнаяСолтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйде газ жарылды
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйде газ жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Тағы 22 жастағы жігіт ауруханаға түсті
ПЕТРОПАВЛ, 8 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында газ-ауа қоспасы жарылып, 12 жасар қыз қайтыс болды. 22 жастағы жігіт ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төтенше жағдай СҚО Аққайың ауданы Смирново ауылында болды. Қазіргі уақытта екі қабатты тұрғын үйде жарылыстың салдары жойылып жатыр.
"8 желтоқсанда сағат 14:50-де Смирново аудан орталығында екі қабатты үш кіреберісті тұрғын үйде жарылыс болғаны туралы ақпарат түсті. Пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, 60 шаршы метр алаң өртенген. Терезелер шағылып, ғимаратқа зиян келген", - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан 2011 жылы туған қыз қайтыс болып, 2001 жылы туған ер адам зардап шекті. Ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Үйден тоғыз адам эвакуацияланды. ТЖ орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері барды.
Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0