Құрылыс компаниялары халықты қалай алдайды – талдау нәтижесі жарияланды

© Sputnik/Ертай Сарбасов Алматыдағы құрылыс, архивтегі фото
 Алматыдағы құрылыс, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Мамандар құжатын тексерген 60 құрылыс компаниясының төртеуі ғана заңды түрде үлескерлік келісімшарт жасауды ұсынған
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан тұрғын үй компаниясының сарапшылары клиент кейпінде құрылыс компанияларының сату кеңселерін аралап, үлескерлердің назарынан тыс қалатын мәселелерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Компания басшысының орынбасары Алтай Күздібаевтың айтуынша, мамандар барлық аймақта жаңадан салынып жатқан 500-ден астам тұрғын үйдің сату кеңсесінде болды. Соның 68 процентінде (300-ден астам нысанда) құжаттүгел емес.
"Сарапшылар 60 сату кеңсесіне клиент ретінде барып қайтты. Сонда 12 проценті ғана рұқсат қағазын көрсетті. Бұл дегеніміз, барлығы бірдей қажетті құжаттарды көрсете бермейді, ашықтық жоқ", - дейді Күздібаев.
Бұдан бөлек, құрылыс компанияларының басым бөлігі сатып алу-сату бойынша алдын ала жасалған келісімшартты рәсімдеуді ұсынады. 28 проценті брондау келісімшартын берген. Сосын бөліп төлеуді ұсынатындар бар. Ал үлескерлік келісімшарт уақытында тіркелмейді.
"Өкінішке қарай, 7 проценті ғана, яғни біз барған 60 құрылыс компаниясының төртеуі заңды түрде үлескерлік келісімшарт жасауды ұсынды. Ондай проблеманың негізгі себептері де анықталды. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау дұрыс жүргізілмейді. Екіншіден, жазалау шаралары қатаң емес. Айыппұл көлемі небәрі 300 АЕК, яғни, 1 миллион теңгеден сәл асады", - деді Күздібаев журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда сарапшы үлескерлік құрылысқа қатысар алдында заң нормаларымен танысуға кеңес берді. Заңгерден де кеңес алған артық болмайды.
"Әйтпесе, адамдар үлескерлік келісімшартты рәсімдегеннен кейін ғана күдіктене бастайды. Заңгерге жүгіреді, кеңес алады. Ал жылжымайтын мүлік алу – бұл оңай шаруа емес. Сондықтан бәрін тексеріп алған жөн. Үлескерлік келісімшарт дұрыс жасалса да, оның заңды түрде тіркелгенін тексеріп алған жөн. Оны Казреестрден алынған хабарламамен растауға болады. Құрылыс компаниясы заң бойынша ондай келісімшартты бес күннің ішінде тіркеп қоюға міндетті", - деп атап көрсетті Күздібаев.
Айта кетері, құрылыс компаниясынан пәтер сатып алу кезінде негізгі үші мәселеге назар аудару керек. Олар:
Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі;
жобаға екінші деңгейлі банктің қатысып, өз қызметтерін ұсынуы;
әкімдіктің рұқсаты.
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Ақтауда жүздеген үлескерді алдаған құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды
Жаңалықтар
0