https://sputnik.kz/20231208/qazaqstanda-zhylzhymaytyn-mulikti-qalay-tsifrlandyrady-40716620.html
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті қалай цифрландырады
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті қалай цифрландырады
Sputnik Қазақстан
Цифрлық даму министрлігі барлық қажетті ақпаратты бір платформада жинақтай отырып, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын (БМЖМК) енгізді 08.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-08T15:04+0500
2023-12-08T15:04+0500
2023-12-08T15:04+0500
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/1297/92/12979296_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_54fca7ee6714d68dfb18c2f1ca7fad7f.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Құқықтық кадастр және жер кадастры деректері енді бірыңғай базаға біріктірілді. Нәтижесінде мемлекеттік акт пен техникалық паспорттың орнына бір құжат – Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты беріледі.Бұл туралы "Жер қатынастарының цифрлық трансформациясы" тақырыбында өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.Оның айтуынша, бұл жер учаскесі мен ондағы ғимарат әртүрлі тұлғаларға тиесілі болған кезде жер актісін ғана құқықсыз рәсімдеу қатерінің алдын алады.Оның айтуынша, бұрын жер телімін алу үшін алдымен қай жерде бос жер бар екенін анықтау керек болған."Ол үшін жер қатынастары бөліміне барасыз. Бұл ақпаратты алғаннан кейін де таңдалған жерде қандай құрылыс түрлерін салуға рұқсат бар деген сұрақ тұрады", - деді ол.Тұрысовтың айтуынша, бұл ақпаратты сәулет бөлімінен алуға болатын. Алайда деректер қағаз түрінде бас жоспарда ғана болғанын айтты.Жалпы бүкіл процесс мемлекеттік органдарға 11 өтініш жолдауды және 38 кезеңді қамтыды.Жер учаскелерін онлайн тіркеу және таңдауЖаңа тәсілдер өтініш жолдаудан бастап тіркеуге дейінгі жер телімдерін берудің бүкіл процесін электронды форматқа көшірді.Қолда бар жер телімдерін онлайн таңдау мүмкіндігі ұйымдастырылды. Қысқартылған процестер мен жүгінулер:Сонымен қатар Жер комиссиясы және жерге орналастыру жобасын әзірлеу қажеттілігі алынып тасталды.Жария кадастрлық карта: ашықтық пен әділдік"Жаңа ашық ресурс – жер телімдерін бөлу процесін қоғамдық бақылауға арналған қуатты құрал. Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау, инженерлік желілер және басқа да аспектілер бойынша деректердің барлығы қалың бұқараға белгілі болады", - дейді Әсет Тұрысов.Әкімдіктер бүгінде электронды қала құрылысы регламенттерін енгізіп жатыр. Олардың 75%-ы жақсартуды, ал 13%-ы толық түзетуді қажет етеді."Өңірлердегі қала құрылысы құжаттарының жағдайы әртүрлі. Бірқатар өңірде геоақпараттық технологиялар басқаша болған сонау 90-шы, 2000-шы жылдары жасалған бас жоспарлар бар. Оларды цифрлық форматқа көшіру өте ұзақ уақытты және ресурсты қажет етеді", - деп түсіндірді Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы бас директорының орынбасары Қарлығаш Молдағалиева.Қазіргі уақытта бас жоспары 100% цифрландырылған бірде-бір өңір жоқ, деді ол.Бастаманың мақсаты – бұрын жұртшылыққа қолжетімсіз болған жер ресурстары туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету және қабылданған шешімдер негізіндегі күмәнді жою."Кез келген азамат жүйеге кіріп, картадан қарай алады. Мысалы, өз үйінің жанындағы ғимарат картада бар-жоғын тексере алады. Ол e-Өтініш арқылы өтініш беріп, заңсыз құрылысты жария ете алады", - деп түсіндірді вице-министр.Кадастр 2023 жылдың 1 шілдесінде іске қосылды. Іске қосылған сәттен бастап 28 қарашаға дейін миллионнан астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 238 мың кадастрлық паспорт берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1297/92/12979296_1929:105:3620:1373_1920x0_80_0_0_f255c2c9d2ec5a4d98ddc618a14b7270.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті қалай цифрландырады
Цифрлық даму министрлігі барлық қажетті ақпаратты бір платформада жинақтай отырып, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын (БМЖМК) енгізді
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Құқықтық кадастр және жер кадастры деректері енді бірыңғай базаға біріктірілді. Нәтижесінде мемлекеттік акт пен техникалық паспорттың орнына бір құжат – Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты беріледі.
Бұл туралы "Жер қатынастарының цифрлық трансформациясы" тақырыбында өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл жер учаскесі мен ондағы ғимарат әртүрлі тұлғаларға тиесілі болған кезде жер актісін ғана құқықсыз рәсімдеу қатерінің алдын алады.
"Мәліметтер базасы мен ақпараттың әртүрлі болуы азаматтарды ұзаққа созылатын сот дауларына әкелді", - деді ол.
Оның айтуынша, бұрын жер телімін алу үшін алдымен қай жерде бос жер бар екенін анықтау керек болған.
"Ол үшін жер қатынастары бөліміне барасыз. Бұл ақпаратты алғаннан кейін де таңдалған жерде қандай құрылыс түрлерін салуға рұқсат бар деген сұрақ тұрады", - деді ол.
Тұрысовтың айтуынша, бұл ақпаратты сәулет бөлімінен алуға болатын. Алайда деректер қағаз түрінде бас жоспарда ғана болғанын айтты.
Жалпы бүкіл процесс мемлекеттік органдарға 11 өтініш жолдауды және 38 кезеңді қамтыды.
Жер учаскелерін онлайн тіркеу және таңдау
Жаңа тәсілдер өтініш жолдаудан бастап тіркеуге дейінгі жер телімдерін берудің бүкіл процесін электронды форматқа көшірді.
Қолда бар жер телімдерін онлайн таңдау мүмкіндігі ұйымдастырылды. Қысқартылған процестер мен жүгінулер:
өзара әрекеттесу саны 11-ден 2-ге дейін;
қадамдар саны 38-ден 5-ке дейін;
қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін.
Сонымен қатар Жер комиссиясы және жерге орналастыру жобасын әзірлеу қажеттілігі алынып тасталды.
Жария кадастрлық карта: ашықтық пен әділдік
"Жаңа ашық ресурс – жер телімдерін бөлу процесін қоғамдық бақылауға арналған қуатты құрал. Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау, инженерлік желілер және басқа да аспектілер бойынша деректердің барлығы қалың бұқараға белгілі болады", - дейді Әсет Тұрысов.
Әкімдіктер бүгінде электронды қала құрылысы регламенттерін енгізіп жатыр. Олардың 75%-ы жақсартуды, ал 13%-ы толық түзетуді қажет етеді.
"Өңірлердегі қала құрылысы құжаттарының жағдайы әртүрлі. Бірқатар өңірде геоақпараттық технологиялар басқаша болған сонау 90-шы, 2000-шы жылдары жасалған бас жоспарлар бар. Оларды цифрлық форматқа көшіру өте ұзақ уақытты және ресурсты қажет етеді", - деп түсіндірді Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы бас директорының орынбасары Қарлығаш Молдағалиева.
Қазіргі уақытта бас жоспары 100% цифрландырылған бірде-бір өңір жоқ, деді ол.
"Астана қаласының және Атырау облысының бас жоспарын түзету аяқталып жатыр. Көптеген өңірде, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында қала құрылысы құжаттарына түзетулер енгізу қажет", - деді Қарлығаш Молдағалиева.
Бастаманың мақсаты – бұрын жұртшылыққа қолжетімсіз болған жер ресурстары туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету және қабылданған шешімдер негізіндегі күмәнді жою.
"Кез келген азамат жүйеге кіріп, картадан қарай алады. Мысалы, өз үйінің жанындағы ғимарат картада бар-жоғын тексере алады. Ол e-Өтініш арқылы өтініш беріп, заңсыз құрылысты жария ете алады", - деп түсіндірді вице-министр.
Кадастр 2023 жылдың 1 шілдесінде іске қосылды. Іске қосылған сәттен бастап 28 қарашаға дейін миллионнан астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 238 мың кадастрлық паспорт берілді.