Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов кінәсіз деп танылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаБолат Бақауов
Болат Бақауов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Оған қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, бірақ сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Павлодар қаласының № 2 қылмыстық істер жөніндегі соты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша прокурордың арызын қарап, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты кінәсіз деп таныды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Павлодар облысы прокурорының орынбасары сотқа жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты істі қайта қарау туралы өтінішхат жолдаған.
Сот Павлодар қаласы № 2 сотының 2020 жылғы 27 мамырдағы үкімімен бұрынғы Павлодар облысының әкімі ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3 тармағы бойынша салықтарды азайту мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталғанын анықтады.
"Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен сот үкімі шыққаннан кейін мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате қосымша есептеуі бойынша сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды", - делінген сот хабарламасында.
Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2023 жылғы 10 мамырда оны заңсыз деп танып, қосымша салықты есептеу туралы хабарламаның күшін жойды.
Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді. Бұл мән-жай үкім шығару кезінде сотқа белгісіз болған.
Сот прокурордың өтінішімен келісіп, ҚПК 505-бабының негізінде сот үкімінің күшін жойды. Іс әрекетте қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Бақауов 2020 жылы 16 қаңтарда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.
Жаңалықтар
0