Еңбек нарығындағы белсенділік қарашада төмендеп кеткен

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Бос орындар саны 17%-ке, ал түйіндеме 31%-ке азайған
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Қараша айында Қазақстанның еңбек нарығындағы белсенділік төмендеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қараша айында электронды еңбек биржасында 109 мың бос жұмыс орны және 77 мың түйіндеме орналастырылды. Қазан айымен салыстырғанда қарашада еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс белсенділігі төмендеген. Мысалы бос орындар саны 17%-ке, ал түйіндеме 31%-ке азайған.
Электронды еңбек биржасында негізгі және жалпы орта білім беру кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарының саны жоғарғы деңгейде қалды.
"ТКШ және абаттандыру саласында еңбек белсенділігі 44%-ке барынша төмендеп кетті. Біз мұны жылыту маусымына дайындық жұмыстарының аяқталуымен байланыстырамыз. Сондай-ақ туризм саласында да сұраныс 51%-ке айтарлықтай төмендеп кетті. Ол туристік маусымның аяқталуына байланысты болуы мүмкін", – деп хабарлады "ЕРДО" АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.
Сонымен қатар кейбір кәсіби салаларда бос жұмыс орындарының саны өскен. Мысалы, жеке қызметтер мен сервис саласында бос орындар саны 11%-ке, маркетинг және БАҚ саласында бос орындар саны 144 %-ке өскен.
Жұмысшыларды іздеу және жалдау процесі әр өңірде әртүрлі.
Мәселен, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш бос орынға бір ғана түйіндемеден келсе, ал Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында бір бос орынға бір түйіндемеден келеді.
"Республика бойынша санитарлар: бос орындар – 1,5 мың бірлік, түйіндемелер – 570 бірлік, тәрбиешілердің көмекшілері: бос орындар – 1,3 мың бірлік, түйіндемелер – 332 бірлік, сондай-ақ тәрбиешілердің өздері: бос орындар – 2,1 мың бірлік, түйіндемелер – 1,3 мың бірлік тапшы болды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері мен заңгерлер ең үлкен бәсекелестікке тап болды, оларда бір бос орынға үш түйіндемеден келді.
Жаңалықтар
0