https://sputnik.kz/20231208/astanada-qazaq-tilindegi-yandeks-alisa-servisi-tanystyryldy-40724364.html
Астанада қазақ тіліндегі "Яндекс. Алиса" сервисі таныстырылды
Астанада қазақ тіліндегі "Яндекс. Алиса" сервисі таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде компанияның көптеген қызметі қазақ тілінде қолжетімді 08.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-08T21:18+0500
2023-12-08T21:18+0500
2023-12-08T21:18+0500
яндекс
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0f/40193269_0:87:3072:1815_1920x0_80_0_0_3472e58d6b889711ebfffe14d06745c0.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында қазақ тіліндегі "Яндекс. Алиса" дауыстық көмекшісі таныстырылды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки компанияның Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға қосып отырған үлесі үшін "Яндекс Казақстан" өкілдеріне алғысын білдірді.Қазақстандағы "Іздеу" сервисін дамыту бойынша директор Александр Поповский дауыстық көмекшінің мүмкіндіктері жайлы айта келіп, "Яндекс Қазақстан" қолданушылардың өмір сапасын жақсартуға, елімізде цифрлық ортаны дамытуға бағытталған қызметтерін бұдан әрі де қазақ тілінде жетілдіретінін жеткізді.Бүгінде компанияның "Яндекс. Аудармашы", "Яндекс. Навигатор", "Алиса орнатылған Яндекс браузері" (видеоны дыбыстау және субтитрлеу), "Яндекс. Іздеу" тәрізді көптеген қызметі қазақ тілінде қолжетімді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0f/40193269_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_1b051e39c2b082933e08443f96097bcd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
яндекс
Астанада қазақ тіліндегі "Яндекс. Алиса" сервисі таныстырылды
Бүгінде компанияның көптеген қызметі қазақ тілінде қолжетімді
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында қазақ тіліндегі "Яндекс. Алиса" дауыстық көмекшісі таныстырылды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки компанияның Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға қосып отырған үлесі үшін "Яндекс Казақстан" өкілдеріне алғысын білдірді.
"Бұл жоба осы жылдың қараша айында ғана іске қосылды, соған қарамастан "Яндекс.Алиса" сервисіне әр бесінші пәрмен қазақ тілінде берілуде. Дауыстық көмекші қоғамымыздағы тілдік жағдайға оң әсер ететініне және инклюзия мәселелерін шешуге көмектесетініне сенімдімін", - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.
Қазақстандағы "Іздеу" сервисін дамыту бойынша директор Александр Поповский дауыстық көмекшінің мүмкіндіктері жайлы айта келіп, "Яндекс Қазақстан" қолданушылардың өмір сапасын жақсартуға, елімізде цифрлық ортаны дамытуға бағытталған қызметтерін бұдан әрі де қазақ тілінде жетілдіретінін жеткізді.
Бүгінде компанияның "Яндекс. Аудармашы", "Яндекс. Навигатор", "Алиса орнатылған Яндекс браузері" (видеоны дыбыстау және субтитрлеу), "Яндекс. Іздеу" тәрізді көптеген қызметі қазақ тілінде қолжетімді.