https://sputnik.kz/20231208/ashyq-suda-zhuzuden-qazaqstandyq-sportshy-el-tarikhynda-tungysh-chempion-atandy-40703351.html
Ашық суда жүзуден қазақстандық спортшы ел тарихында тұңғыш чемпион атанды
Ашық суда жүзуден қазақстандық спортшы ел тарихында тұңғыш чемпион атанды
Sputnik Қазақстан
Жиырма жылдан бері үздіксіз өткізіліп отырған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан елордалық Алпамыс Әмір қатысты 08.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-08T09:58+0500
2023-12-08T09:58+0500
2023-12-08T09:58+0500
спорт
чемпион
жүзу
https://sputnik.kz/img/1136/79/11367953_0:62:2200:1300_1920x0_80_0_0_1625c3341ef0d637a60a17aa3bbd8ca4.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Ашық суда жүзуден өткен "Oceanman" халықаралық жарысында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған елордалық Алпамыс Әмір елге оралды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Тайланд елінің Пхукет қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен барған 70 елдің спортшылары бас жүлдеге таласты. Жиырма жылдан бері үздіксіз өткізіліп отырған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан елордалық Алпамыс Әмір қатысты. Нәтижесінде жерлесіміз 2 шақырымдық қашықтықта Іnspiration санаты бойынша қарсылас шақ келтірмеді.Жерлесімізді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, спортшының туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері қуана қарсы алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1136/79/11367953_194:0:2007:1360_1920x0_80_0_0_2ada1712cdb13319788f6fed6576c995.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
чемпион, жүзу
Ашық суда жүзуден қазақстандық спортшы ел тарихында тұңғыш чемпион атанды
Жиырма жылдан бері үздіксіз өткізіліп отырған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан елордалық Алпамыс Әмір қатысты
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Ашық суда жүзуден өткен "Oceanman" халықаралық жарысында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған елордалық Алпамыс Әмір елге оралды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тайланд елінің Пхукет қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен барған 70 елдің спортшылары бас жүлдеге таласты. Жиырма жылдан бері үздіксіз өткізіліп отырған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан елордалық Алпамыс Әмір қатысты. Нәтижесінде жерлесіміз 2 шақырымдық қашықтықта Іnspiration санаты бойынша қарсылас шақ келтірмеді.
"2 шақырымдық Inspiration санатында елордалық мектебіміздің спортшысы чемпион атанды. Алпамыс Әмір "Барыс" спорт кешенінде аптасына 6 рет жаттығады. Әлем чемпионатына сәуір айынан бастап тыңғылықты дайындалды. Еңбек пен төзімділік өз жемісін берді. Спортшымызбен мақтанамыз. Спорт даму ерекшелігіне қарамастан, барлығына ортақ екендігі қуантады", - деді Интеллектуалды даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.
Жерлесімізді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, спортшының туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері қуана қарсы алды.