"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы белгілі болды

© SputnikАрселорМиттал Темиртау
АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Жаңа инвестор "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 млрд доллар инвестиция құюы керек
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа иесі кім екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Теміртаулық кәсіпорынның жаңа инвесторы – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев.
28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 млрд доллар инвестиция құюы керек екенін мәлімдеген еді.
Шарлапаевтың айтуынша, ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акциясын Лавреньтев сатып алды. Мәміле құны 286 миллион долларды құрады.
Айта кетері, Андрей Лаврентьев – Allur компаниялар тобының (машина құрастыру) негізін қалаушы. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті. 44 жастағы бизнесмен қазақстандық "Форбс" тізіміне кіреді.
Костенко атындағы шахтада болған апат
Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болған еді. Апат кезінде жер астында 252 адам болған. Жер бетіне 205 кенші шығарылды. Жоғалған адамдар үш күн бойы іздестірілді, барлығы 46 адам қаза тапты.
2023 жылдың 29 қазаны Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді еске алу үшін аза тұту күні болып жарияланды.
Шахтадағы апаттың алдын-ала себептері – өрт және одан кейінгі метан-ауа қоспасының жарылуы. Жағдайды анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Қылмыстық Кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0