Білім

Алматыда дрондар және робототехникадан ашық чемпионат өтеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Жазылу
Жеңімпаз командаларға 10 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы, университеттерге грант беріледі
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Биыл 11-12 желтоқсанда Алматыда "Атакент" көрме орталығында Tech Cup Almaty робототехника және дрондардан IX ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 6-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысады. Жарысқа 2500-ден астам оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен де қатысады деп күтілуде.
Жас өнертапқыштар роботтар және дрондар ойынында жарысып қана қоймай, "өнердегі ғылыми инновациялар" тақырыбында өз инновациялық жобаларын ұсынады.
Чемпионат аясында барлық қатысушы үшін шеберлік сағаттары, оқушылар арасынан стартап-кәсіпкерлер аллеясы, жетекші IT-компаниялар спикерлерінің және Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының семинарлары жоспарланған. Сондай-ақ павильон аумағында Дүниежүзілік код сағаты өтеді.
Жеңімпаз командалар Үндістан, Индонезия, Түркия чемпионаттарына қатысуға лицензиялармен, 10 000 000 теңгеге дейін ақшалай сыйақымен, ҚБТУ, Тұран, Satpayev және SDU университеттеріне гранттармен марапатталады.
Жаңалықтар
0