Жалақы төмен, әлеуметтік қолдау жоқ: энергетика саласында кадр тапшылығы өткір тұр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЭлектромонтер
Электромонтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
Проблемаға еңбекақының төмендігі және әлеуметтік қолдау шараларының жоқтығы себеп болып отыр
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігінде электр энергетикасы саласында кадр даярлау мәселесі туралы кеңес өтті. "Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы" ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас кәсіподақ кадрларын даярлау және олардың тапшылығы, әсіресе энергия беруші ұйымдарда аса өткір мәселе екенін айтты.
"Энергетика саласынжа маман даярлау деңгейі артып келе жатқан жүктемеге, өндірістегі жобалардың күрделілігіне және оларды іске асыру жылдамдығына жауап бермейді, жұмысты дер кезінде орындау мерзімінің бұзылуына, объектілерді тапсыру және енгізу мерзімінің кешігуіне әкеледі. Мамандықтың беделі бүгінде бұрынғыдан да төмендеді. Жастар энергетикаға барғысы келмейді. Мұнда кадр даярлаудан басқа, мамандарға арнап сапалы еңбек жағдайын жасау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деп атап өтті Бекбас.
Оның мәліметінше, соңғы жеті жыл ішінде энергетикакәсіпорындары персоналының жасы бойынша теріс динамика қалыптасқан. Саладағы жас кадрлардың үлесі төмендеп, керісінше 50 жас санатында және одан жоғары жастағылар саны артып барады. Жаңадан қабылданған персоналдың 40%-і бірінші жылда-ақ жұмыстан шығып кетеді.
Сондай-ақ кеңесте қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағы мен электр энергетикасы қауымдастығының өкілдері баяндама жасады. Қатысушылардың пікірінше, аталған проблемаға еңбекақының төмендігі және әлеуметтік қолдау шараларының жоқтығы себеп болып отыр.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыс беруші мамандарды оқытуға ақы төлеген жағдайда міндетті пысықтау туралы тармақты еңбек шартына енгізуді көздейтін Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, электр энергетикасы саласының қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ кадр даярлауға жіберілетін төлемдерге шығынды тарифке енгізу мүмкіндігін қарастыру жоспарланып жатыр.
Жаңалықтар
0