https://sputnik.kz/20231207/toqaev-qazaq-tilin-damytu-qoryna-oz-qaltasynan-7-mln-tenge-audardy-40669898.html
Тоқаев қазақ тілін дамыту қорына өз қалтасынан 7 млн теңге аударды
Тоқаев қазақ тілін дамыту қорына өз қалтасынан 7 млн теңге аударды
Sputnik Қазақстан
Қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T10:05+0500
2023-12-07T10:05+0500
2023-12-07T10:06+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/07e7/06/11/36057670_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_2fe18b521126faffc420360e73f62de1.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді дамытуға арналған Qazaq tili қорына алғашқы болып 7 миллион теңге аударды. Бұл туралы "Қазақ тілі" қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы хабарлады.Рауан Кенжеханұлы президенттің қабылдауында болғанда мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынғанын еске салды. Айтуынша, президент ұсынысты қолдаған."Қазақ тілі" қоғамының президенті Тоқаевқа ана тілімізге деген адал азаматтық ұстанымы, көрсеткен зор құрметі, жеке үлгісі үшін алғыс білдірді.Қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметтен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.Рауан Кенжеханұлы әлем елдерінде білім беру мен әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың тұрақты әрі ұзақмерзімді қызметін қамтамасыз ету үшін эндаумент қорын құру тәжірибесі кең таралғанын атап өтті.Қазір Жапониядағы ғылым мен технология қоры, сонымен қатар, Стэнфорд, Гарвард университеттерінің қорлары дүние жүзіндегі ең ірі эндаумент қорларының қатарына кіреді. Қазақстанда да ірі университеттер, мектептер мен коммерциялық емес ұйымдардың эндаумент қорлары сәтті жұмыс істеп келеді.Оның айтуынша, Qazaq tili Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.Мемлекет басшысы "Қазақ тілі" қоғамына қазақ тіліндегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін дамыту, сонымен қатар, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту мақсатында заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен пайдалануды тапсырған.
https://sputnik.kz/20231107/bayqonyr-mektepterinde-qazaq-tili-men-adebieti-oqytylady-39983326.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/11/36057670_95:0:1243:861_1920x0_80_0_0_76392c29d5542a1ee9c8c0e661fa32c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі
Тоқаев қазақ тілін дамыту қорына өз қалтасынан 7 млн теңге аударды
10:05 07.12.2023 (жаңартылды: 10:06 07.12.2023) Қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді дамытуға арналған Qazaq tili қорына алғашқы болып 7 миллион теңге аударды. Бұл туралы "Қазақ тілі" қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы хабарлады.
Рауан Кенжеханұлы президенттің қабылдауында болғанда мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынғанын еске салды. Айтуынша, президент ұсынысты қолдаған.
"QAZAQ TILI Endowment қорын құру, тіркеу, рәсімдеу шаралары жақында аяқталып, бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы сол қорға бірінші болып 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударды. Президент көрсеткен үлгіні ел азаматтары, тіл жанашырлары, кәсіпкерлер кеңінен қолдайды деп сенеміз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Қазақ тілі" қоғамының президенті Тоқаевқа ана тілімізге деген адал азаматтық ұстанымы, көрсеткен зор құрметі, жеке үлгісі үшін алғыс білдірді.
Қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.
Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметтен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.
Рауан Кенжеханұлы әлем елдерінде білім беру мен әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың тұрақты әрі ұзақмерзімді қызметін қамтамасыз ету үшін эндаумент қорын құру тәжірибесі кең таралғанын атап өтті.
Қазір Жапониядағы ғылым мен технология қоры, сонымен қатар, Стэнфорд, Гарвард университеттерінің қорлары дүние жүзіндегі ең ірі эндаумент қорларының қатарына кіреді. Қазақстанда да ірі университеттер, мектептер мен коммерциялық емес ұйымдардың эндаумент қорлары сәтті жұмыс істеп келеді.
Оның айтуынша, Qazaq tili Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.
Мемлекет басшысы "Қазақ тілі" қоғамына қазақ тіліндегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін дамыту, сонымен қатар, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту мақсатында заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен пайдалануды тапсырған.