https://sputnik.kz/20231207/shymkentte-11-kopqabatty-turgyn-uyge-zhylu-ali-berilmedi-40698100.html
Шымкентте 11 көпқабатты тұрғын үйге жылу әлі берілмеді
Шымкентте 11 көпқабатты тұрғын үйге жылу әлі берілмеді
Sputnik Қазақстан
Әкімдік өкілдері қыс басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T19:23+0500
2023-12-07T19:23+0500
2023-12-07T19:23+0500
жылу
шымкент
https://sputnik.kz/img/645/60/6456087_0:73:1600:973_1920x0_80_0_0_0056110f227df944ba9bfa0f29cde7a7.jpg
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте көпқабатты 11 тұрғын үй бір жарым айдан бері жылусыз отыр. Өйткені ондағы құбыр шіріп, ыстық су үйге емес, жерге жайылған, деп хабарлайды Almaty.tv.Бұл үйлердің тұрғындары 6 жылдан бері тұрып жатыр. Сол кезден құрылыс сапасы, жарық пен жылу мәселесі өзекті. Тұрғындардың айтуынша, жаз мезгілінде жылы суды бір айға өшіріп, құбырды тексеріп, дайындық жұмыстарын жүргізген.Арызын айтып, жұрт әкімдікке де барған. "Жылу орталығы жұмысымызда мін жоқ" деп есеп берген. Соған сенген шенеуніктер ақыры желтоқсанның бесінде жерді қайта қазып, тексеруге кіріскен. Құбыр шіріп, күніне 50-55 тонна су ысырып болған. Соның салдарынан көпқабатты үйлерге жылу жетпеген."Он бір үйге баратын жылу трассасын ауыстырып жатырмыз. Шіріген. Шынымен тозығы жеткені көрініп тұр. Құбырды кесіп, Алматыға сараптамаға жібереміз. Сараптама нәтижесін алғаннан кейін басшылықпен ақылдасамыз", – деді "Қуат жылу" орталық мекемесі директорының орынбасары Нұрбек Орынбаев.Қыс басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен әкімдік өкілдері кемінде 10 миллион теңге шығын кеткенін растады. Енді оны сараптама арқылы жұмысына немқұрайлы қараған мекемеден өндірмек. Ал компания өкілдері кепілдік мерзімінің аяқталғанын айтып ақталды."Қоқыс тастауы мүмкін. Жүк көлігі өтуі мүмкін. Оны сараптама анықтайды. Бес жыл бойы істен шықпаған нәрсе, алтыншы жылы шығып отыр ма? Сол аралықта кепіл мерзімі ішінде ақау болса, жөндеп беретін едік", – деді "Отау строй" ЖШС заңгері Аңсар СүлейменовАйта кетері, 9 қабатты бұл үйлер мемлекеттік бағдарламамен жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге берілген.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/645/60/6456087_104:0:1496:1044_1920x0_80_0_0_f00b65ec4fbd1b522baaed922c162288.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, шымкент
Шымкентте 11 көпқабатты тұрғын үйге жылу әлі берілмеді
Әкімдік өкілдері қыс басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте көпқабатты 11 тұрғын үй бір жарым айдан бері жылусыз отыр. Өйткені ондағы құбыр шіріп, ыстық су үйге емес, жерге жайылған, деп хабарлайды
Almaty.tv. Бұл үйлердің тұрғындары 6 жылдан бері тұрып жатыр. Сол кезден құрылыс сапасы, жарық пен жылу мәселесі өзекті. Тұрғындардың айтуынша, жаз мезгілінде жылы суды бір айға өшіріп, құбырды тексеріп, дайындық жұмыстарын жүргізген.
"Шын мәнінде ешқандай дайындық болмаған. Үй аралап көрсеңіздер де болады. 1-1,5 айдан бері жылуға зар болып отырған отбасылар бар. Қазір 11 үйге жөндеу жүргізіліп жатыр. Орта есеппен 536 пәтер жылусыз отыр", – деді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлизат Сейдазова.
Арызын айтып, жұрт әкімдікке де барған. "Жылу орталығы жұмысымызда мін жоқ" деп есеп берген. Соған сенген шенеуніктер ақыры желтоқсанның бесінде жерді қайта қазып, тексеруге кіріскен. Құбыр шіріп, күніне 50-55 тонна су ысырып болған. Соның салдарынан көпқабатты үйлерге жылу жетпеген.
"Он бір үйге баратын жылу трассасын ауыстырып жатырмыз. Шіріген. Шынымен тозығы жеткені көрініп тұр. Құбырды кесіп, Алматыға сараптамаға жібереміз. Сараптама нәтижесін алғаннан кейін басшылықпен ақылдасамыз", – деді "Қуат жылу" орталық мекемесі директорының орынбасары Нұрбек Орынбаев.
Қыс басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен әкімдік өкілдері кемінде 10 миллион теңге шығын кеткенін растады. Енді оны сараптама арқылы жұмысына немқұрайлы қараған мекемеден өндірмек. Ал компания өкілдері кепілдік мерзімінің аяқталғанын айтып ақталды.
"Қоқыс тастауы мүмкін. Жүк көлігі өтуі мүмкін. Оны сараптама анықтайды. Бес жыл бойы істен шықпаған нәрсе, алтыншы жылы шығып отыр ма? Сол аралықта кепіл мерзімі ішінде ақау болса, жөндеп беретін едік", – деді "Отау строй" ЖШС заңгері Аңсар Сүлейменов
Айта кетері, 9 қабатты бұл үйлер мемлекеттік бағдарламамен жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге берілген.