Павлодар облысында жайылымдық жер тапшылығы қолдан жасалған

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша тергеу басталды
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облысында жайылымдық жерлер жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 70% жер бар, олардың басым бөлігі жеке меншікте және жер пайдалануда.
"Тексеріс барысында елді мекендер шегінде жайылымдық жерлер мен егістіктер үшін жер учаскелерін берілген. Міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, пайдаланғаны үшін төлемді азайтқан. Лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бір учаске бойынша жалға алудың жылдық құны 50 млн. теңгенің орнына 60 мың теңге деп белгіленген", - дейді ведомство.
Халықтың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлер тапшылығы бола тұра, олар "бір қолға" берілген.
"Ертіс ауданында 47 мың га тапшылық болса да, жер жеке тұлғаларға заңсыз берілген. Осындай фактілердің бірі - жекеменшікке өткен 3 мың гектардан асатын жайылымдарды қайтарылды", - дейді прокуратура.
Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша тергеу басталды.
Жаңалықтар
0