Назарбаев Өзбекстан президентіне жаңа кітабын сыйлады

© Sputnik / Санат ИмангалиевКнига Нурсултана Назарбаева "Моя жизнь. От зависимости к свободе"
Книга Нурсултана Назарбаева Моя жизнь. От зависимости к свободе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
6 желтоқсанда Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Өзбекстанға барды
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарық көрген кітабын алды, деп хабарлады УзА ұлттық ақпарат агенттігі.
"Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке өзінің "Моя жизнь. От зависимости к свободе" кітабын беріп жіберді", - деп жазылған сайттағы хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, кітапты Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадовқа Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай тапсырған.
Қазақстанның тұңғыш президенті өз кітабында Мирзиеевтің жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалаған.
Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болды және оны 30 жылға жуық басқарды – ол 2019 жылдың 20 наурызында мемлекет басшысы қызметінен кетті.
1 желтоқсанда екі тілде жазылған Назарбаевтың мемуары сатылымға шықты. "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" деп аталатын кітап 22 тараудан, 694 беттен тұрады.
Назарбаевтың кітабы жарық көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
"Менің өмірім": Назарбаевтың кітабы жарық көрді
Жаңалықтар
0